Рысалиева Шолпан Отарбайқызы

Рысалиева Шолпан Отарбайқызының

өмірбаяны

Рысалиева Шолпан Отарбайқызы 1968 жылы 11 шілдеде Шу ауданы Новотроицк  селосы (қазіргі Төле би ауылы) дүниеге келген. 1988 жылы Шу ауданы Новотроицк селосындағы М.Әуезов атындағы орта мектебін бітірген.

1990 жылы фельдшер-акушер мамандығы бойынша Алматы Республикалық медучилищесін бітірген. 1998 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша «Құлан» ауыл шаруашылық колледжін, ал 2002 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша  «Алматы Үздіксіз білім беру» университетін бітірген. 2007- 2009 жылдары аралығында Алматы қаласындағы Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін  «Филология» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1990 -1992 жылдары Шу аудандық балаларға кеңес беру бөлімінде бала дәрігерінің қызметін атқарған; 1992 -1998 жылдары аралығында Т.Рысқұлов ауылында фельдщер-акушер қызметінде болған; 1998-1999 жылдары аралығында Шу аудандық ішкі-істер бөлімінің қызметкері; 1999-2000 жылдары аралығында  «Бизнес және құқық» колледжі директорының орынбасары; 2000-2002 жылдары аралығында Меркі ауданы, «Болашақ» колледжінің директоры;

2002 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін  Шу гуманитарлық колледжінің директоры қызметін атқарыпкеледі.

Егеменді еліміздің өркендеуіне, қоғамымыздың рухани бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін «Шу ауданына 80 жыл» төс белгісімен және Шу аудандық маслихатының Құрмет грамотасымен, Жамбыл облыстық маслихатының Құрмет грамотасымен марапатталған. Облыс, аудан әкімдігінің грамоталарымен марапатталған.

Тұрмыс құрған, үш баланың анасы.

 

Сайлауалды  бағдарлама

  1. Әлеуметтік жағдайды түзеу
  2. Орта және шағын бизнесті дамыту
  3. Әйелдердің ерте зейнеткерлікке шығуына ықпал жасау
  4. Оқушыларға сапалы білім беру
  5. Жастарды жұмыспен қамту
  6. Көп балалы аналардың тұрғын үй мәселесін шешу
  7. Жарым-жан мүгедектерге қамқоршылық көрсету
  8. Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс бойынша тәрбиелік жұмыстар жүргізу.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры