Есенов Мақсат Әлкенұлы

Шу аудандық мәслихатының депутаты

Есенов Мақсат Әлкенұлының өмірбаяны

Есенов Мақсат Әлкенұлы 1971 жылдың 8 наурызында күні Шу ауданы, Новотроицкое селосында дүниеге келген.1988 жылы М.Горький атындағы орта мектебін бітірген.1988 жылы Алматы зооветеринарлық институтына түсіп, оны 1997 жылы зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған.1992 жылдан 1994 жылға дейін Шу аудандық дайындау кеңсесінің дайындаушысы, 1994 жылдан 1998 жылға дейін Шу аудандық ветстанцияда веттехник,1998 жылдан бастап Шу аудандық ішкі істер бөлімінде әртүрлі қызмет атқарған.2017 жылы Шу аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары лауазымынан зейнетке шыққан. «Мінсіз қызмет көрсеткені үшін» I,II,III дәрежелі медальдармен марапатталған.Қазіргі таңда «ЕсеновМ» жеке кәсіпкерлігінің директоры.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.

 

Сайлауалды бағдарлама

-Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың саясатын қолдай отырып, «Ауыл» партиясы бағдарламасын жүзеге асыруға белсене араласу

-Мемлекеттің «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасын және Президентіміздің жолдауларын ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып іске асыру, осы бағдарлама аясында ауыл жастарының жұмыспен қамтылуына ықпал жасау

-Жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын уағыздап, қалыптастыру

-Аудан орталығы мен  ауылдарда санитарлық тазалықтың сақталуына, экологиялық талаптардың орындалуына жан-жақты араласу

-Елді мекендердегі мектептерді, балабақшаларды жөндеу, кеңейту және құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалау

-Қоғамдағы ұлтаралық келісімді және тұрақтылықты нығайтуға, дінаралық төзімділік идеясын таратуға жәрдемдесу

-Білім берудің қолжетімділігін арттыру үшін білім беруге қолдау көрсету, мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартып, толықтыру жұмысына және білім сапасын арттыра отырып оқытуда мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстарын басты назарда ұстау

-Ел экономикасын дамытудағы адам әлеуетін арттыруда кәсіби техникалық білім беруді дамытуға үлес қосуға

-Әр ауылдық округтерде Қорағаты, Ақтөбе, Өндіріс ауылдарын  сапалы жолдармен, орталықтандырылған су және газ жүйесімен, интернетпен қамтамассыз ету

-Қазақстанның дәстүрлі салаларына жататын қой, жылқы, түйе шаруашылығын жаңғыртуға жағдай жасау

-Күш-жігерімді, іс-тәжірибемді, білімімді Шу ауданы халқының игіліне барынша қолдануға тырысамын

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры