Қақпанбаев Талғат Натанұлы

Шу аудандық мәслихатының депутаты

Қақпанбаев Талғат Натанұлының өмірбаяны

 

Қақпанбаев Талғат Натанұлы 1968 жылы 20 қыркүйек күні Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласында дүниеге келген.1985 жылы мектепті тәмамдағаннан кейін Алматы халық шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1991 жылы экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991-1996 жылдары Шу қаласындағы  жолаушылар көлігі автопаркінің қауіпсіздік инженері болып бастаған.1997 жылы «Береке» акционерлік қоғамы Жертөле павелонының бақылаушысы,1997-2000 жылдары «Шу автокөлік» АҚ-ның қауіпсіздік инженері, 2000-2003 жылдары «Ақ жол-2000» ЖШС-ның директорының орынбасары,2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Ақ жол-2000» ЖШС-ның директоры қызметін атқарып келеді.Көп жылғы жемісті еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Құрметті автокөлікші»медалімен және  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10жыл» мерекелік медалімен, сондайақ облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Отбасылы, төрт ұлдың әкесі

 

Сайлауалды бағдарлама

–    «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасын халық арасында кеңінен насихаттау және орындау барысында жұмыс жасап қажырлы еңбек ету.

–        Ауылдық округтер мен Шу қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал жасау

–        Халықтың әлжуаз топтары –зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға,көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету

–        Шу қаласындағы мектептер мен балалар бақшаларының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, қазандықтарын газға қосылуына және оқушыларға барынша жағдай жасауға ықпал ету

–        Шу қаласындағы автомобиль жолдарының сапалы салынуына, түнгі жарықтандыру жұмыстарының толыққанды жүргізілуін қадағалау

–        Жаңа жұмыс орындарын ашу

–        Ауылдық округтер мен Шу қаласының тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді жақсарту

–        Ауылда «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті жаңғырту

–        Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, балалардың салауатты өмір салтын сақтауға жағдай жасау

–        Спорт пен мәдениетті дамытуға қолдау көрсету, спорт және мәдениет нысандарын материалдық-техникалық жабдықтармен қамтуды жақсарту

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры