Халық Тұрсынбай Нұрғалиұлы

 Өмірбаян

 Халық Тұрсынбай Нұрғалиұлы

 

 1950 жылы 19 желтоқсанында Шу қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 

 Еңбек жолын 1968 жылы «Шу вагон» депосында темір ұстасы  қызметінен бастаған. Сол жылдың желтоқсан айында Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, әскери борышын өтеуге аттанған. 1969 жылы «Шу вагон» депосына қайта оралған. 1975 жылы Алматы теміржол көлігінің техникумына сырттай оқуға түсіп, 1978 жылы  техник-механик, сондай-ақ, Алматы теміржол көлігі инженерлер институтын бітіріп, инженер-механик мамандығына ие болған.

  «Шу вагон» депосының техникалық қызмет ету пунктінің темір ұстасы, қараушы-автоматшы, аға вагон қараушысы, техникалық қызмет ету пунктінің шебері, қызмет ету пунктінің бастығы қызметін атқарған.

 1985-1989 жылдары вагон депосының бастығы, 1989 жылдың  мамыр айының 15-нен бастап ВОДЧ-12 (теміржол су шаруашылығы)  бастығы, 1996-1997 жылдары Шу қаласы әкімінің орынбасары, 1997 жылдың шілде айында Шу сумен жабдықтау дистансасының бастығы қызметтерін атқарған.

 Жамбыл жол бөлімшесі ардагерлер ұйымы Шу торабындағы теміржолшылар ардагерлер кеңесінің төрағасы.  

 2008 жылдан бастап «НҰР ОТАН» партиясы Шу аудандық филиалы жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестiң төрағасы. 

 Жалпы еңбек өтілі тeміржол көлігі саласында – 48 жыл.

 Бірнеше

рет депутат болып сайланған:

 1988-1992 ж.ж. – Шу қалалық кеңесiнiң депутаты;

 1999-2007 ж.ж. – Шу ауданы мәслихатының депутаты;

 2007-20

11 ж.ж. – Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты.

 Халық алдындағы адал қызметі үшін «Шу  қаласының  Құрметті азаматы», «Шуауданының Құрметті азаматы» атақтарына ие болып, «Қазақстан Республикасының Құрметті теміржолшысы» атанып, «Құрмет» орденімен марапатталған.

 «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиясының «Галерея славы» бөлімінде олтуралы жазылған.

 Отбасылы, үш баласы бар.

 Сайлауалды бағдарламасы

 Мен  қарапайым жұмысшының баласымын. Көпбалалы отбасында өстім. Бала жасынан еңбектен қашқан емеспін. Өмірдің  ашы-тұщысын көріп келемін.  Бала кезімнен туған өлкенің табиғатына ғашықпын. Сондықтан оның табиғатының бұзылуы  маған ауыр тиюде. Мен үшін  табиғат пен адам егіз жаратылғандай көрінеді. Еліміздің басына түсіп отырған дағдарыс табиғи-экологиялық жағдайға да әсер етуде.

 Шу қаласы – теміржолшылар қаласы. Қазіргі  кезде өркендеп келеді. Дегенмен, алаңдайтын жағдайлар бар. Бау-бақшасы мәуелеп тұратын ауданымыз тозып барады. Суы сылдыр қағатын арықтар да кезінде қала мен ауданымыздың  бір көркі болған еді.Шу қаласында сарқынды суларды тазалау құрылыстары 1959 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда толығымен өз өтемін  өтеген. Қазіргі күнде олар ақаулы жағдайда жұмыс атқаруда. Осы сұрақ, жаңа тазарту құрылыстарын жобалау және салу  қажеттілігі  Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болған кезімде көтерілген. Ауданымыздың, қаламыздың  экологиялық тұрмыстық  жағдайы  көзі ашық, көкірегі ояу адамды бей-жай қалдырмайды.

 Сайлау бағдарламамның басты мақсаты – қоршаған ортаның  экологиясын  қорғау,  қаламыздың айналасын жасыл желектерге толтырып,  қоқыстан тазарту, үздіксіз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, су, арық  жүйесін жаңғырту. Таза экология – ол тұрғындардың, біздің ұрпақтарымыздың  денсаулығы!

 Сондай-ақ,  Шу аудандық және қалалық әкімшілігі арқылы   Меркі және Мойынқұм аудандарының көшелерін жарықтандыру, бюджеттік ұйымдарды, темір жол, кәсіпорындар мен тұрғын үйлерді газдандыру мәселесін қолға алу көзделуде.

 Мен депутат болып сайлансам, өз елімнің патриоты ретінде  ұсынған бағдарлама мақсатын жүзеге асыруға  барлық күш-жігерімді жұмсаймын.

 Шу өңірінің әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында әкімшілік және жеке кәсіпкерлермен бірігіп, ауданымызда макарон, ет-шұжық өнімдерін шығаратын шағын кәсіпорындар ашылуын қолға аламын.    

 Мен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясатын толық қолдаймын. Мемлекет басшысы алдымызға Қазақстанды ең дамыған отыз елдің қатарына қосу бойынша мақсат қойды.  Осы мақсатты жүзеге асыруды  өз борышым  деп санаймын.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры