Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызы

Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызы

ӨМІРБАЯНЫ

Көктөбе ауылында 1966 жылы 24 ақпанда дүниеге келген. Жамбыл атындағы орта мектепті 1983 жылы тәмамдаған. Сол жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» бойынша күндізгі бөліміне оқуға түсіп, оны 1987 жылы аяқтады. Еңбек жолын Шу қаласы Ленин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдігінен бастап, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, аудандық білім бөлімінде бас маман, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

1987-1994 жылдар аралығында Шу қаласында «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын ұйымдастыруға қатысқан. Шу қалалық атқару комитетінде, Шу механика жөндеу зауытында, Ленин атындағы орта мектепте өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету курстарын жүргізіп, тілді ауызекі сөйлесу деңгейінде меңгеруіне атсалысқан. Орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудағы жетістіктері бағаланып, 1991 жылы Қазақ ССР Министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстан-Канада Кәсіби өсу және даму орталығы «Функционалды сауаттылық» (2013 жылы), «ЕDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының «Білім жүйесіндегі жоспарлаудың тиімді тәсілдері» (2013 жылы), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша біліктілігн арттырған.

Ерекше көшбасшылығы үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Білім саласындағы жетістіктері үшін аудан әкімінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталары, «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы және Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің Алғыс хаты, жоғары оқу орындары басшыларының Алғыс хаттарымен марапатталған.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған жағдайда, мен білімім мен күш-қайратымды келесі мәселелерді шешуге жұмсаймын:

-«Нұр Отан» партиясының бағдарламалары мен шешімдерін іске асыруға атсалысамын. Өз сайлаушыларымның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныстарын өкілетті органдарға жеткізіп, орындалуын қадағалаймын;

– ұлтаралық достықты өркендетуге   қолдау көрсетіп, мемлекеттік тілдің дамуына ықпал етемін. Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасы, салты және әдет-ғұрпы бар. Біз еш жағдайда оны жоғалтпауымыз керек. Сондықтан да әр этностың мәдениетін, салтын және дәстүрін сақтау мәселесіне аса жауапкершілікпен қарауымыз керек. Сонда ғана біз тұрақтылыққа қол жеткіземіз деп санаймын;

-әлеуметтік әділдік қағидатын жақтаушы ретінде біздің қоғамның барлық топтары нық қорғалған болуы тиіс деп санаймын. Сондықтан да, «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Бақытты балалық» жобаларына сәйкес әлеуметтік аз қорғалған сатыдағы азаматтардың мүддесін қорғауға және қолдау көрсетуге күшімді жұмсаймын;

-партияның «Сәтті қадам», «Стоп қылмыс» жобалары аясында жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, саламатты өмір сүруге ықпал жасап, өсіп келе жатқан ұрпаққа тәрбие беріп, ата-бабалардан қалған құндылықтарды сақтап, жалғастыра беруді қалыптастыру, мектеп, отбасы және қоғамдық бірлестіктердің күшін жасөспірімдер арасындағы қылмыс, маскүнемдік және нашақорлықтың алдын алуға жұмсауға үлесімді қосамын;

-мектеп оқушыларын тәрбиелеуде ата-анамен бірлескен жұмысты нығайтуға, отбасылық құндылықтарды құрметтеуге және бала құқығының қорғалуына құлшына араласамын;

-білім саласында әйел-педагогтардың үлес салмағы көп болғандықтан, ана мен бала мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдауға қатысамын;

-білім мекемелерінің материалдық-қаржылық мәселелерінің оң шешімін табуын қолдаймын;

-«Балапан» бағдараламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балалардың балабақша және шағын орталықтарда тәрбиемен қамтылуына атсалысамын;

-қоғамның саяси өміріне белсене қатысып, жергілікті органдардың жеке адамның күнделікті мұқтаждықтарын шешуге етене араласуына және көмек көрсетуіне ықпал етемін, партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінген азаматтардың мәселелерін шешуге мұрындық боламын.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры