Сазаев Қайрат Оралбайұлы

Шу аудандық мәслихатының депутаты

Сазаев Қайрат Оралбайұлының өмірбаяны

 

Сазаев Қайрат Оралбайұлы, 1959 жылдың 5 желтоқсаны күні Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты Хантау станциясында дүниеге келген.1974 жылы Хантау станциясындағы сегіз жылдық мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Теміржол көлігі техникумына оқуға түсіп, оны 1978 жылы инженер-электрик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1978 жылы Алматы теміржолы Шу бөлімшесі Шу сигнализация және байланыс дистанциясының электромонтері болып бастаған.1979-1991 жылдар аралығында Алматы теміржолы Шу бөлімшесі Шу сигнализация және байланыс дистанциясының СЦБ, ПОНАБ электромеханигі, 1994 жылы Алматы теміржолы Жамбыл жол бөлімшесі Шу сигнализация және байланыс дистанциясы бастығының орынбасары, 1997-1999жылдары «ҚТЖ»РМК-«Шу сигнализация және байланыс бас дистанциясы» филиалының бас инженері, 1999-2002 жылдар аралығында дистанция директорының СОБ жөніндегі орынбасары, 2002-2016 жылдар аралығында «КТЖ»ҰҚ АҚ- «Шу сигнализация және байланыс бас дистанциясы» филиалының директоры, 2016-2018 жылдары  «КТЖ»ҰҚ АК «Жамбыл магистралдық желі бөлімшесі» филиалының директоры, 2018 жылдан кәзіргі уақытқа дейін «Жамбыл магистралдық желі бөлімшесі  Шу сигнализация және байланыс  дистанциясы» бастығы қызметін атқарып келеді. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Темір жол саласындағы көп жылдық қомақты еңбегі үшін  «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен, «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Үздік басшы»белгісі, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамына 10 жыл» медалі, «Қазақстан темір жолына 110 жыл» мерекелік медалі, Арнайы және әскери тасымалдау қызметіне 80жыл» төс белгісі, 2019 жылы «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалі, «Саттар Естемесов-100жыл» мерейтойлық медалі, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының «Түрксіб-90» төсбелгісі мен және көптеген Алғыс хаттармен мараппатталған.

Отбасылы, 3 бала, 5 немересі бар

 

Сайлауалды бағдарлама

Мен Елбасының бүгінгі таңда белең алып отырған дағдарысты еңсеру бағдарламасын іске асыру барысына лайықты үлес қосуға, еліміздің стратегиялық мақсаттарға жету жолында аянбай еңбек етуге дайын екендігімді айтқым келеді. Шу аудандық мәслихатының депутаты ретінде күш-қайратымды келесі мәселелерді шешуге жұмсаймын:

– «Нұр Отан» партиясының бағдарламалары мен шешімдерін іске асыруға атсалысу. Өз сайлаушыларымның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныстарын өкілетті органдарға жеткізіп, орындалуын қадағалау;

– аудандық бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қадағалау

– Жолдарды жөндеуге қаржы бөлінуін талап ету, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету;

– елді мекендерді абаттандыру және көгеріштендіру жұмыстарына тікелей атсалысу;

-Кіші және орта бизнеске, кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету;

-Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу;

– Сайлау округіндегі балаларға арналған ойын алаңдарын салуға;

-Шу қаласы тұрғындарына коммуналдық салада, денсаулық сақтау мен білім беру саласында сапалы мемлекеттік қызмет көрсетілуін бақылауды жүзеге асыруға;

-Шу қаласы мен Шу ауданының жергілікті бюджет бойынша экономикалық және әлеуметтік жағынан даму жөніндегі жоспарының орындалуын бақылауға;

–        Тұрғындар арасында зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбасына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуін қадағалауға атсалысатын боламын.

-Менің алдыма қойған  мақсатым  жоғарыда көрсетілген бағдарламаларды орындау үшін бюджеттен қаражаттарды бөлуге ықпал ету болып табылады.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры