Саудабаев Бахтыбай Сабырұлы

Өмірбаян

Саудабаев Бахтыбай Сабырұлы

1966 жылы 16 маусымда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көкқайнар ауылында дүниеге келген. 1983 жылы С.Естемесов атындағы орта мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтына оқуға түскен. 1988 жылы осы институттың тау-кен факультетінің маркшейдер ісі мамандығы бойынша, ал 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясының сырттай бөлімін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы 1988 жылы Шу қаласындағы өндірістік техникалық жадбықтау басқармасында инженер қызметінен басталған.

1989-1991 жылдары Жайсан ауылында Жайсан мал бордақылау кеншарында құрылыс-шебері;

1991-1992 жылдары Көкқайнар ауылы, С.Естемесов атындағы өндірістік кооперативі кірпіш цехының меңгерушісі, 1992 -1997 жылдары осы аталған кооперативте аға прораб;

1997-2004 жылдары Көкқайнар ауылында «Нариман» шаруа қожалығын құрып, осы шаруашылықтың есепшісі, 2004-2008 жылдары аталған шаруа қожалығының жетекшісі қызметтерін атқарған.

2008-2012 жылдары бесінші шақырылған Шу аудандық мәслихатының хатшысы, ал 2012 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін алтыншы шақырылған Шу аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келген.

Жемісті еңбектері үшін 2001 жылы Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 90-жылдығына байланысты мерекелік медальмен, 2011 жылы Жамбыл облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен, 2014 жылы «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен және «Қазақстан мәслихаттарына – 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Отбасылы, үш ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

 Сайлауалды бағдарламасы

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған жағдайда, мен өзімнің барлық күш жігерімді келесі мәселелерді шешуге жұмсаймын:

– Жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерін, нормативтік құқықтық актілерді орындауға жәрдемдесу;

– Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы Жол», бес институттық реформаны іске асырудағы «100 нақты қадам» бағдарламасының жергілікті жерлерде орындалуына барынша ықпал жасау;

– Азаматтардың өтініштерін қарау, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету және заң талаптарына сәйкес түбегейлі шешілуіне барынша ықпал ету;

– «Нұр Отан» партиясының шешімдері мен бағдарламаларын іске асыру, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты орнықтыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ, партияның «Біздің ауыл» атты жобасын іске асыру аясында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, әр елді мекендердің өркендеуі, оның ішінде абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру, көріктендіру жұмыстарын қолға алып, дамуына ықпал жасау. Әрбір қазақстандықтың тұрмыс сапасын және қоғамның барлық әлеуметтік бақуаттылығын арттыру;

– Жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, «Нұр Отан» партиясының Доктринасында белгіленген құндылықтарды насихаттау және тарату. Жастарға қолдау көрсету, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасындағы келеңсіз жайттарды (нашақорлық, маскүнемдік және т.б.) азайту бағытында жұмыстар жүргізу;

– Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарына сәйкес облыстық, аудандық бюджетті жасақтау барысында өзім сайланатын округтегі шешімі табылмай отырған мәселелерді тиісті қаржыландыруды талқылауға ұсыну, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;

– Партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты балалық», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында округтегі аз қамтылған отбасыларға көпбалалы аналарға, жалғызбасты қарт адамдарға, мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;

– Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету, ауылдардағы көше жолдарын жөндеуден өткізу;

– Ауылдың экономикалық дамуының негізгі көзі болып табылатын ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қосып, мал және егіншілік шаруашылығын жетілдіруге ат салысу, етті бағыттағы асыл тұқымды мал басын көбейтуге ықпал жасау. Азаматтардың «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін арттыру», «2013-2020 жылдарға арналған Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендіру» бағдарламаларына қол жеткізуіне жан-жақты көмек көрсету. Шағын және орта кәсіпкерліктің қарқынды дамуына қолдау көрсету;

– Округтегі жаңа инвестициялық жобалардың іске асырылуына және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуына ықпал ету;

– Аудандағы елді мекендерді газдандыру мәселесінің түбегейлі шешілуіне атсалысу;

– Сайлауалды бағдарламаны іске асыруда, сондай-ақ елді мекендердің дамуы барысындағы түйткілді, шешімі табылмай тұрған мәселелердің түбегейлі орындалуы үшін оны атқарушы және өкілетті органдар алдында көтеру және орындалуына ықпал етуге атсалысамын.

Бүгін маған сенім артып, ел әлеуетінің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесімді қосуды жалғастыруыма мүмкіндік беріп отырған «Нұр Отан» партиясы – қоғамды ұйыстыратын және Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым саяси күш. Партия Доктринасы жүргізіп келе жатқан сара саясаттың жетістіктерін дәйектейтін әрекеттерге қанат бітіре отырып, әрбір қазақстандықты тәуелсіздік атты киелі де қасиетті құндылығымызды қастерлеуге, болашақ ұрпаққа басы бүтін жеткізуге міндеттейді. Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның XVI съезінде: «Біздің ашық аспан астында ештеңеге теңгермейтін бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан! Бізге ХХI ғасырда бағдар болатын бір ғана стратегия бар, ол – «Қазақстан-2050»! Баршамызды ерен істерге жетелейтін бір ғана ұлы мақсат бар, ол – Мәңгілік Ел! Осы жолда күллі халқымызды біріктіруге, мақсатымызды орындауға жұмылдыратын «Нұр Отан» партиясы!»-деген еді. Мемлекет   басшысы атап өткендей, Қазақ елін дамудың дара жолына бастау еліміздің ең қуатты саяси күші – «Нұр Отан» партиясына жүктеліп отыр. Сондықтан да, ел игілігі жолындағы партиялық қызметті адал, бар ынта – жігеріммен атқару өзімнің міндетім деп санаймын.

Сіздердің сенімдеріңізге ие бола отырып, аталған округтің депутаты болып сайлансам, жоғарыдағы бағдарламамның сөз жүзінде қалмай нақты орындалуына, елді мекендердің өсіп-өркендеуіне барынша үлес қосып, аянбай еңбек етемін деп уәде беремін.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры