29 Июль 2022

Шу аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

2022 жылдың шілде айының 29-ы күні сағат 9:00-де  «Amanat» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Тұрақты комиссияларының бірлескен отырысын аудандық мәслихат хатшысы Ж. Әбенов жүргізіп отырды.
Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, ауданның қоғамдық кенесінің төрағасы Е.Досымбаев, аудан әкімінің орынбасары С.Сәрсенбеков, Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдері мен мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:

1.Аудан аумағындағы автомобиль жолдары мен елді мекендердегі көше жолдарының жәйі туралы.

Есеп берушілер: Ж.Каликов Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Е.Естияр – Шу қаласының әкімі.

2.Ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді, оның ішінде суармалы жерлерді тиімді пайдалану және жайылымдық жерлерді ұлғайтудың жәйі туралы.

Есеп берушілер:     Б.Бетбаев — аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы   бөлімінің басшысы.

А.Көшербаев — аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Бұл мәселелер тұрақты комиссия мүшелерімен талқыланып, тиісті қаулылар қабылданды.

 

  1. Шу ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы.

Хабарламашы:          А.Көшербаев — аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Бұл мәселе де депутаттармен талқыланып, аудандық мәслихаттың  кезекті отыз екінші сессиясының қарауына енгізілді.

Телефон приемной

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры