29 Июль 2022

Шу аудандық мәслихаттың кезекті 32-ші сессиясы

2022 жылдың шілде айының 29-ы күні сағат 9:00-де  «Amanat» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында Шу аудандық мәслихаттың кезекті 32-ші сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кенестің төрағасы Е.Досымбаев, аудан әкімі С. Арубаев, Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдері мен мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияны аудандық мәслихат хатшысы Ж. Әбенов жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде:

  1. Шу ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін атқарудағы мәслихат депутаттарының алдындағы есебі.
  2. Аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін –өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, табиғатты пайдалану,өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, байланысты, энергетиканы жетілдіру, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмыстары туралы есебі.

Есеп  беруші : Қ. Сазаев    —     тұрақты    комиссия    төрағасы.

  1. Аудандық мәслихаттың әлеуметтік –мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмыстарының есебі.

Есеп беруші: А.Жандабаева — тұрақты     комиссия төрайымы.

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 2022 жылғы 6 айдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша аудан әкімі С.Арубаев есеп берді.

Есеп беру барысында аудан әкімі С.Арубаевқа депутаттар тарапынан сауалдар қойылып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Мәселені талқылаудың қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша тұрақты комиссиялардың төрағалары Қ.Сазаев пен А.Жандабаева есеп берді. Бұл мәселе бойынша да тиіті шешім қабылданды.
Осымен мәслихаттың кезекті 32-ші сессиясы өз жұмысын аяқтады.

Телефон приемной

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры