13 Май 2022

Шу аудандық мәслихаттың кезекті 28-ші сессиясы

2022 жылдың мамыр айының 13-і күні сағат 10:00-де «Amanat» партиясы аудандық филиалының ғимаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

 

Күн тәртібінде 1 мәселе қаралды.

 

2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.

Есеп беруші: М.Жүнісәлиев — Шу ауданы әкімдігінің қаржы  бөлімінің басшысы.

Баяндамашы: Н.Тұрлыбеков — Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

Баяндамашы: Т.Дурманов – аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, салық мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының міндетін атқарушы.

 

Күн тәртібіндегі мәселе тұрақты комиссия мүшелерімен талқыланып, кезекті 28-ші сессиясына қарауына енгізілді.

 

Осы күні Шу аудандық мәслихаттың кезекті 28-ші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі С. Арубаев, аудан әкімінің орынбасары С. Сәрсенбеков, Қоғамдық кеңес төрағасы Е. Досымбаев, аудандық мәслихат депутаттары, Шу қаласымен ауылдық әкімдері және жекелеген әкімдік бөлімдері мен мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Сессияны аудандық мәслихат хатшысы Ж. Әбенов жүргізіп отырды.

 

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды:

 

  1. Күн тәртібін бекіту туралы.
  2. Шу аудандық мәслихаттың жиырма сегізінші сессиясы редакциялық комиссиясының құрамы туралы.

3.2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.

Есеп беруші: М.Жүнісәлиев- Шу ауданы әкімдігі қаржы

бөлімінің басшысы.

Баяндамашы:Н.Тұрлыбеков -Жамбыл облысы бойынша тексеру

комиссиясының мүшесі

Баяндамашы: Т.Дурманов — аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, салық мәселелері, жөніндегі тұрақты комиссия  төрағасының міндетін атқарушы.

  1. Төле би ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жәйі туралы.

Баяндамашы: А.Жандабаева — аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, мәдениет, білім, денсаулық  сақтау мәселелері, комиссиясының төрайымы.

Есеп беруші:А.Ошанов — Төле би ауылдық округінің әкімі .

  1. Шу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін атқарып отырған міндеттерінен босату туралы.

Хабарламашы:С.Сасықбаев- мәслихат аппаратының басшысы.

 

Бұл мәселер депутаттармен талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды

 

Осымен мәслихаттың кезекті 28-ші сессиясы өз жұмысын аяқтады.

Телефон приемной

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры