19 Июль 2022

ШУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Сегізінші шақырылған Шу аудандық мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясы «Аманат» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында 2022 жылдың 29 шілде сағат 11ºº-де өтеді.
Күн тәртібінде:
1. Шу ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін атқарудағы мәслихат депутаттарының алдындағы есебі туралы.
2. Аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін –өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, табиғатты пайдалану,өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, байланысты, энергетиканы жетілдіру, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмыстары туралы есебі.
3. Аудандық мәслихаттың әлеуметтік –мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмыстарының есебі.
Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы 2022 жылдың 29 шілде күні сағат 10 ºº-де «Аманат» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында болады.
Сессияға шақырылғандарды тіркеу 2022 жылғы 29 шілде күні сағат
10³º -да басталады.

Телефон приемной

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры