23 Июнь 2022

Ауданның қоғамдық кеңесінің отырысы

2022 жылдың маусым 23 күні сағат 15:00-де «Amanat» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында ауданның қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Қоғамдық кеңестің отырысына кеңес төрағасы Е. Досымбаевтөрағалық етті. Кеңес жұмысына аудан әкімінің орынбасары Б. Батиханұлы

мәслихат хатшысы Ж. Әбенов, аудан әкімінің жекелеген бөлім басшылары, Шу қаласы, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:

  1. Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту және мүгедектерді оңалту жұмыстарының жәйі туралы.

Есеп беруші: Г. Керімбаева Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Есеп беруші: А. Салмарбекова Жамбыл облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Есеп беруші: С. Көпбаев Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры.

 

  1. Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалу барысы туралы.

Есеп беруші: Ғ. Қойбағаров Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

 

Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сауалдар қойылып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды

 

Қаралған мәселе бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

 

Осымен ауданның қоғамдық кеңесінің отырысы өз жұмысын аяқтады.

Телефон приемной

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры