Рахымбаева Айнұр Қамшыбайқызының

№12 сайлау округі бойынша

Шу аудандық мәслихатының депутаты

Рахымбаева Айнұр Қамшыбайқызының

ӨМІРБАЯНЫ

 

1985 жылы 3 қыркүйекте Шу ауданы, Төле би ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

1992 – 2003 жылдар аралығында М.Мақатаев атындағы орта мектепті бітірді. 2003 – 2008 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық Университеті «Халықаралық журналистика» факультетінде «Журналист» мамандығы бойынша оқып, тәмамдаған. Білімі жоғары.

2008-2011 жылдар аралығында «Нұр Отан партиясы» Шу аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы болдым.

2008 жылдың 18 қарашасынан бастап, бүгінгі күнге дейін Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып қызмет атқарады.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде партия төрағасы, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларын, сондай-ақ «Қазақстан – 2050» Стратегиясында көрсетілген дамыған 30 елдің қатарына ену межесі нақтыланған «Нұрлы Жол» бағдарламасын, 5 халықтық реформа мен оның даму тетіктерінің айнасы «100 нақты қадамнан» тұратын Ұлт жоспарының және партиямыздың XVII-съезінде бірлік пен тұтастықты ту етіп, жұдырықтай жұмыла отырып жасампаздыққа жетуді көздейтін «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты 2016-2021 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын қолдай отырып, олардың аудан көлемінде орындалуына үлесімді қосамын.

Заңда бекітілген тәртіп бойынша өз округімнің сайлаушыларының мүддесін қорғап, олардың талап-тілектеріне көңіл бөле отырып, тиісті басшыларға уақытында жеткіземін және оның шешімін табуына үлесімді қосамын.

Денсаулық сақтау, білім беру, жастарға, әсіресе жас мамандар мен жас отбасыларға қатысты тұрғын үймен қамтамасыз ету, жастар арасындағы нашақорлық пен қылмыстың алдын алу сияқты мәселелерді шешуге атсалысамын.

Жастардың кезек күттірмес міндеттерін басты бақылауға алып, онымен тұрақты айналысамын. Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуды, жастарды патриоттық тұрғыдан тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар жүргізуді қолға аламын.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға, оның ішінде Бөлтірік ауылына келген жас мамандардың әлеуметтік мәселелеріне көңіл бөлемін. Оқу орындарын бітірген түлектердің басқа қалаға кетіп қалмай, Бөлтірік ауылы мен Шу қаласында қызмет етуі үшін олардың жұмысқа тұруына мейлінше көмек көрсетемін.

Аудандағы әйелдер мәселесін жүйелі шешу жолдарын кеңінен қарастыруға, сондай-ақ ана мен бала өлімінің алдын алуға үлесімді қосамын.

Бөлтірік ауылында ауылдық клубтың ашылуына және оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмек көрсетемін.

Ауылдағы жаңа мектепке арықпен ағын су жеткізіп, ауылдың абаттандырылуына көмектесемін.

Сайлау округіндегі балаларға арналған ойын алаңдарын салуға және Бөлтірік ауылындағы ескі мектептің төңірегін қоршау үшін демеушілер тартуды немесе оған аудан бюджетінен қаржы қарастыруға ықпал етемін.

Аудандық бюджетке түсетін салықтар мен түсімдердің көлемін ұлғайтуды, аудан бюджетінің тиімді бөлініп, орынды жұмсалуын қадағалаймын.

Мәслихат қызметіне белсене қатысу арқылы аудан тұрғындарының талап-мүдделерін қорғау және мәслихаттың сайлаушылар алдындағы беделін, жауапкершілігін көтеруге ықпал етемін.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры