Әбенов Жасұлан Әлкенұлы

Шу аудандық мәслихатының депутаты

Әбенов Жасұлан Әлкенұлының өмірбаяны

Әбенов Жасұлан Әлкенұлы, 1970 жылдың 9 шілдесінде Шу ауданы Төле би ауылында дүниеге келген. Білімім жоғары, 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1988 жылы Шу қаласындағы №7 кәсіптік-техникалық училищесін «Тепловоз машинисінің көмекшісі» мамандығы бойынша аяқтаған.

1988-1990 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген.

Еңбек жолын 1991 жылы Шу қаласындағы локомотив депосында темір ұстасы жұмысынан бастаған. 1991-1997 жылдары Шу ауданы,  Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, 1997-1998 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1998-2000 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2000-2011 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2011-2013 жылдары Шу ауданы, Қонаев ауылы, Төле би атындағы орта мектептің директоры қызметтерін атқарған.2013 жылдың сәуір айынан 2021 жылдың 15 қаңтарына дейін Шу ауданы, Төле би ауылы,  Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің директоры қызметін атқарып келген. 2021 жылдың 15 қаңтарында Шу аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланған

«Nur Otan» партиясының мүшесі.

Білім беру саласындағы жемісті еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне қосқан қомақты үлесі, белсенді еңбегі мен қоғамдық қызметі үшін Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Шу ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, алғыс хатымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл», «Шу ауданына-90, Шу қаласына-60 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Отбасылы, бір  қыз, бір ұл тәрбиелеуде.

 

 

Сайлауалды бағдарлама

-«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қойылған нақты міндет пен мақсаттардың орындалуын жүзеге асыру.

-Мектептердің материалдық-техникалық базаларын жаңартып, жабдықтауға үлес қосу.

-Мектепке дейін оқытуды қамтамассыз ету.Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерге қолдау көрсетіп отыру.

-Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде ата-анамен бірлескен жұмысты нығайтуға, отбасылық құндылықтарды құрметтеуге және бала құқығының сақталуына атсалысу.

-Ауыл тұрғындарының талап-тілегін, ұсыныстарын уәкілетті органдарға жеткізіп, орындалуын қадағалау.

-Ауыл инфроқұрылымын дамыту, көріктендіру, абаттандыру мәселелерін шешуге көмектесу және тікелей атсалысу.

-Аудан орталығындағы Е.Бекмаханов, М.Мақатаев, М.Әуезов атындағы орта мектептердің қазандықтарын газға қосылуына ықпал ету.

-Аудандық мәдениет үйін толық күрделі жөндеуден өткізу.

-Мемлекеттік тілдің қолдануына және басқада тілдерді оқытуға ықпал ету.

-Қазақстан халықтарының ұлттық салтының, дәстүрінің өркендеуіне үлес қосу.

-Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың сақталуына атсалысу.

-Қоғамның саяси өміріне белсене қатысу, жергілікті органдардың жеке адамның мұқтаждықтарын шешуге, араласуға және көмек көрсетуге ықпал ету, қоғамдық қабылдауға жүгінген азаматтардың мәселелерін шешуге көмектесу.

-Соғыс және еңбек ардагерлерін, зейнеткерлерді, мүгедек, көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға қолдау, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға, жәрдем беруге көмектесу.

-Жастар саясатына қолдау көрсету.Жастар мен жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру.Ауыл спортының дамуына, өркендеуіне назар аудару.

-Денсаулық сақтау, білім беру саласының жас мамандарына және жас отбасыларға қатысты тұрғын үймен қамтамассыз етуге, жастар арасындағы нашақорлықпен қылмыстың алдын алу сияқты мәселелерді шешуге ықпал ету.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры