Қоғамдық кеңестің ережесі

 Шу аудандық мәслихатының

2022 жылғы 11 ақпандағы

№21-2 шешімімен бекітілген

 

Шу ауданының Қоғамдық кеңесі туралы  Ереже

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы Шу ауданының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже (бұдан әрі – ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шу ауданының Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
  3. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.
  4. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері, оның қызметінің қағидаттары, Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері, Қоғамдық кеңестің және мүшелерінің құқықтары мен міндеттемелері Заңмен белгіленген.
  5. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдар қарау үшін міндетті болып табылады.
  6. Қоғамдық кеңесті азаматтық қоғамнан қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу

2.1 Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрамы мемлекеттік органдардың  өкілдері қатарынан және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырылады.

2.2 Жұмыс тобының сандық құрамын мәслихат хатшысы, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты өткізгенге дейін айқындайды.

Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамын  мәслихат хатшысы өз бетінше айқындайды.

Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

2.3  Жергілікті өкілді орган мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің, азаматтардың қатарынан жұмыс тобының сандық құрамын, құжаттарды беру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайларын көрсете отырып, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

2.4 Конкурс өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.

2.5 Жұмыс тобы Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан қалыптастырады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктер мерзімі үш жылды құрайды.

2.6 Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес қоғамдық кеңестердің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктер мерзімі өткенге дейін екі ай бұрын басталады.

2.7 Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе)  жергілікті өкілді органның интернет-ресурсында орналастырады.

2.8 Хабарландыруда:

1) мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның атауы,

2) құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайлары, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды беру мерзімі, олардың тізбесі және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кандидаттарға қойылатын талаптар;

3) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.

2.9 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген  азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар жөніндегі ұсыныстарды қолма-қол береді  немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына жібереді.

2.10 Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылайды, әрбір кандидатпен әңгімелесу өткізеді және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған болып есептеледі. Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобының басшысына шешуші дауыс құқығы беріледі.

2.11 Қоғамдық кеңестің жұмыс істеп тұрған мүшелері Заңның 10-бабында көзделген жалпы негіздерде конкурсқа қатысу үшін өз өтініштерін береді.

2.12 Жұмыс тобының мүшелері ұсынылған құжаттардың негізінде Жұмыс тобы белгілеген нысан бойынша Кандидаттарды бағалау парағын толтырады.

2.13 Жұмыс тобының мүшелері талқылау қорытындылары бойынша кандидаттарды бағалаудың жиынтық балдарын ескере отырып, Қоғамдық кеңестің құрамын ашық дауыс беру арқылы қалыптастырады.

2.14 Қоғамдық кеңесте мемлекеттік органнан, жергілікті өкілді органнан,  мәслихат хатшысы конкурс өткізбей бекітеді.

2.15 Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде  жергілікті өкілді орган жұмыс тобына кандидаттардың тізімін қалыптастырады.

2.16  Жұмыс тобының құрамын  мәслихат хатшысы бекітеді. Жұмыс тобының бірінші отырысында көпшілік дауыспен азаматтық қоғам өкілдері қатарынан жұмыс тобының басшысы сайланады.

2.17 Жұмыс тобының шешімі отырыс аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде  жергілікті өкілді органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

2.18 Жұмыс тобының отырысында хаттама жүргізіледі, оған жұмыс тобының басшысы қол қояды.

  1. Жұмыс тобының өкілеттіктері

3.1 Жұмыс тобы келесі өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1)  халықты Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;

2) бірінші отырыста Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын:

Заңның 2-1-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының ережелерін ескере отырып айқындайды.

3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін жүргізеді;

4) Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін қалыптастырады;

5) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлейді.

3.2.Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады. Осы отырыста жұмыс тобының жетекшісі Қоғамдық кеңестің мүшелері арасынан Қоғамдық кеңестің төрағалығына  қандидат ұсынады. Қоғамдық кеңестің  мүшелері мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан ашық дауыс беру арқылы оның төрағасын   және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.

3.3. Жұмыс тобының және оның жетекшісінің өкілеттіктері Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіткеннен кейін тоқтатылады.

  1. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері

4.1. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру Қоғамдық кеңесі қызметінің мақсаты болып табылады.

4.2. Қоғамдық кеңестің міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру жергілікті деңгейде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

  1. Қоғамдық кеңес қызметінің қағидаттары

5.1 Қоғамдық кеңес өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

1) тәуелсіздік;

2) мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі;

3) автономдық;

4) дербестік;

5) жариялылық.

  1. Мемлекеттік басқарудың

Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері

 

6.1. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;

3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;

5)мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді талқылау;

6)  Қазақстан Республикасының  «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

7) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың  жолданымдарын қарау;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;

9) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;

10) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;

10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру;

11)жергілікті мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына  сәйкес жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі жұмысына қатысу;

12)  жергілікті деңгейде заңдылықты қамтамасыз ету және адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын сақтау мәселері бойынша тиісті әкімшілік аумақтық бірлік шегінде құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын тыңдау.

6.2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 12) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді.

  1. Қоғамдық кеңестің және олардың мүшелерінің

құқықтары мен міндеттері

 

7.1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;

2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша атқарушы органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де жұмыс органдарының өткізетін іс-шараларына  қатысуға;

3) Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.

4) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты, Қоғамдық кеңесте  қаралуға жататын нормативтік құқықтық актілерді айқындау жөнінде ұсыныстар еңгізу құқығы бар;

Тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелерді талқылау үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін Қоғамдық кеңестін  отырысына шақыруға;

Ерекше тәртіп қолданыла отырып жүсеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, тиісті мемлекеттік органның мемлекеттік  сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларына қатысуға.

7.2. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:

1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;

2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;

3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;

4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының интернет-ресурсында орналастыруға;

Мемлекеттік кұпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

  1. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның

төралқасының өкілеттіктері

8.1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.

8.2. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.

8.3. Қоғамдық кеңестің төралқасы:

1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

4) Қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады.

8.4. Алғашқы отырысында қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.

  1. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының

өкілеттіктері

9.1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:

1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

2) отырыстарда төрағалық етеді;

3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;

4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

5) мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;

6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.

9.2. Қоғамдық кеңестің хатшысы:

1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

9.3 Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшесі болып табылмайды.

  1. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

10.1. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетешісі ашады.

Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады

10.2 Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі. Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.

10.3. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шешімдер қабылдау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы ережеде айқындалады.  Отырыстар өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.

10.4. Қоғамдық кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде бір-бірімен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-қимыл жасайды.

10.5. Қоғамдық кеңестердің мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады.

10.6. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді  тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихаты жүзеге асырады.

10.7 Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының хатшысы  Қоғамдық кеңес төрағасымен келісу бойынша  Қоғамдық кеңес хатшысының міндеттерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты бойынша тартылатын жұмыскерге жүктейді.

 

  1. Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы

11.1. Қоғамдық кеңес халыққа:

1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері;

2) Қоғамдық кеңестің құрамы;

3) отырыстардың күн тәртібі;

4) қабылданған шешімдер;

5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабар береді.

11.2. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) тиісті интернет-ресурстарда орналастырылады.

  1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату

12.1. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.

12.2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда Заңның 15-бабының 2-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.

12.3. Қоғамдық кеңес шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Заңның 9-бабының  9 және 10 тармақтарында  айқындалған тәртіппен  Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.

  1. Қоғамдық кеңестің қызметін тоқтату

 

13.1 Қоғамдық кеңес Заңның 9-бабы 8 –тармағының екінші бөлігінде көзделген өкілеттіктер мерзімі өткеннен кейін немесе өзінің құрылуына қатысқан мемлекеттік орган таратылған жағдайда өз қызметін тоқтатады. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған мемлекеттік органдар Қоғамдық кеңесті қалыптастыру Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы

мақсаттары мен міндеттері

14.1. Қоғамдық кеңес қоғамдық бақылауды мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырады.

14.2. Қоғамдық бақылаудың міндеттері:

1) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тиімділігін, ашықтығын және бүкпесіздігін арттыру;

2) қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру;

3) азаматтардың мемлекет пен оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне сенім деңгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында кері байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және оларды шешу;

4) халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту.

  1. Қоғамдық бақылау нысандары

15.1. Қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан мемлекеттік органдардың қызметін байқауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық мониторинг болып табылады.

15.2. Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 5) және 6) тармақшаларында көзделген мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамдық маңызы бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мәселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық тыңдау деп түсініледі.

15.3. Қоғамдық сараптама – азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау жөніндегі қоғамдық мүдделерді сақтау тұрғысынан зерттеу, талдау және бағалау үшін арнайы білімді және (немесе) тәжірибені қоғамдық бақылау субъектілерінің пайдалануына негізделген қоғамдық бақылау рәсімі.

15.4. Мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау қоғамдық бақылау рәсімі болып табылады және Қоғамдық кеңестің отырысында Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары қызметінің нәтижелерін жария талқылауды білдіреді.

  1. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тетіктері

16.1. Қоғамдық бақылау:

1) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес қоғамдық бақылау объектісінің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу;

2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің және қоғамдық бақылау субъектілерінің мемлекеттік органның алқалы органдарының отырыстарына қатысуы;

3) мемлекеттік комиссиялардың құрамына қоғамдық кеңестердің мүшелерін қосу;

4) азаматтардың жеке немесе ұжымдық өтініштерін беру;

5) сұрау салулар беру;

6) Қоғамдық кеңес айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

  1. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

17.1. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.

17.2. Қоғамдық мониторинг мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуі, мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды және бюджеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану нәтижесінде азаматтар үшін жағымсыз салдарларды және қоғамдық мүдделерге қысым жасалуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

17.3. Қоғамдық мониторингті Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар жүзеге асырады.

17.4. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша мониторингтің нысанасына жататын қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

17.5. Қоғамдық мониторингті жүзеге асырған адамдар оның нәтижелері бойынша қорытынды жасайды. Қоғамдық мониторинг қорытындысында:

1) мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесінде азаматтар үшін анықталған жағымсыз салдарлар туралы және қоғамдық мүдделерге қысым жасалғаны туралы ақпарат;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарына қоғамдық мониторинг барысында анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар;

3) бақыланатын объектілердің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар;

4) нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.

17.6. Қоғамдық мониторинг қорытындысының негізінде Қоғамдық кеңес ұсынымдарды қабылдайды және  тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды.

  1.           Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

18.1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.

Қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдауды Заңның 1-бабының 5 және 6-тармақтарында айқындалған жергілікті мемлекеттік басқару органымен келісілген мерзімдерде өткізеді.

18.2. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:

1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;

2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;

3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;

4) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.

18.3. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.

18.4. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда:

1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;

2) қатысушылардың саны;

3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.

18.5. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.

18.6. Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

18.7. Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасында:

1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;

2) қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;

3) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.

18.8. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:

1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық бақылау субъектілеріне;

2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;

3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.

  1. Қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

19.1. Қоғамдық сараптаманы Қоғамдық кеңес өз отырысында қабылдаған тапсырмасы бойынша қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары жүзеге асырады.   Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау тұрғысынан мемлекеттік органдардың қабылданатын шешімдерінің жобалары қоғамдық сараптама объектілері болып табылады.

19.2. Қоғамдық кеңеске тиісті өтінішхат жіберетін жеке тұлғалар және (немесе) қоғамдық бірлестіктер қоғамдық сараптаманың бастамашылары бола алады.

19.3. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу ерекшеліктері, оны тіркеу тәртібі, қорытындының мазмұны Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленеді.

19.4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қоғамдық сараптаманың өзге де субъектілері, оны ұйымдастыру мен жүргізудің негіздері және тәртібі айқындалуы мүмкін.

  1. Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды

ұйымдастыру және өткізу тәртібі

20.1. Заңның 18-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің баяндамасын және мәслихат хатшысының, Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.

20.2. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіледі, онда:

1) есепті тыңдау күні мен орны;

2) қатысушылардың саны;

3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылады.

20.3. Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданады, онда:

1) бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау;

2) есепті тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;

3) мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.

20.4. Егер отырысқа қатысып отырған қатысушылардың жартысынан астамы есеп үшін дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.

  1. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шешімдер қабылдау тәртібі

21.1 Қоғамдық кеңес тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс органдарын: комиссилар, сараптама топтарын құрады.

21.2. Қоғамдық кеңес тұрақты жұмыс органдары – комиссия құрады. Комиссиядың сандық құрамын Қоғамдық кеңес дербес айқындайды, бұл ретте кемінде үш адамды құрайды.

21.3. Комиссиялар  Қоғамдық кеңестің шешімімен Қоғамдық кеңестің құзыретіне жатқызылған тиісті саланың немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық маңызы бар мәселелерін зерделеу үшін құрылады.

21.4. Комиссиялардың құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, кәсіподақ және басқа да ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар қатарынан қалыптастырылады, оны Қоғамдық кеңестің өзі айқындайды және оның отырысында бекітіледі.

21.5. Комисссиядың  өкілеттігі Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша тоқтатылады.

21.6. Қоғамдық кеңестер уақытша жұмыс органдарын – сараптама топтарын құрады. Сараптама топтары Қоғамдық кеңестің құзыретіне жатқызылған тиісті саланың немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты мәселелерін зерделеу үшін Қоғамдық кеңестің шешімімен құрылады.

21.7. Сараптама топтарының құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, кәсіподақ және басқа да мүдделі ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар қатарынан қалыптастырылады.

21.8. Қоғамдық кеңестің сараптама топтары:

1) зерделенетін мәселелер бойынша материалдармен алдын ала танысуды және қарау қорытындылары бойынша оның бағытына сәйкес мәселелерді Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысында қарауға дайындауды жүзеге асырады; және оның бағыттарына сәйкес оларды Қоғамдық кеңестер комиссияларына қарауға ұсынады;

2) зерделенетін мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылардың жобаларын дайындайды және оларды қоғамдық кеңестер комиссияларында қарау үшін оның бағытына сәйкес ұсынады.

21.9. Нақты мәселе жөніндегі материалдарды зерделеу қорытындылары бойынша сараптама тобы қорытынды жасайды және оның бағытына сәйкес Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясына қарауға жібереді.

Сараптама тобының зерделенетін мәселелер бойынша қорытынды материалдарын Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясының ұсынысы бойынша қарайды.

 

 

  1. Қорытынды ережелер

22.1. Осы Ережеде реттелмеген басқа өзге де сұрақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

22.2. Аталған Ережеге өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіпте енгізіледі.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры