27 July 2021

Шу аудандық мәслихатының кезекті ХІ-сессиясы

2021 жылдың шілде айының 27 күні сағат 15:00-де «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында

аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы Zoom платформасы арқылы өтті.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына мәслихат хатшысы

Ж. Әбенов төрағалық етіп, оны жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

  1.«Аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, байланысты, энергетиканы жетілдіру, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын  мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясының 2021 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейінгі мерзімде атқарған жұмыстары туралы есебі.

Есеп беруші: Д.Мақсұтов – аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссия төрағасының м.а.

  1. Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясының 2021 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейінгі мерзімде атқарған жұмыстары туралы есебі.

Есеп беруші: А.Жандабаева – аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты   комиссия төрайымы.

Шу аудандық мәслихаттың кезекті 11-ші сессия жұмысына аудан әкімі

Н. Календеров, мәслихат хатшысы Ж. Әбенов, Zoom платформасы арқылы мәслихат депутаттар, ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерболат Әбдіжапарұлы Досымбаев, жекелеген әкімдік бөлімдері мен мекеме басшылары, Шу қаласы және ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

  1. Күн тәртібін бекіту туралы.
  2. Шу аудандық мәслихаттың он бірінші сессиясы редакциялық комиссиясының құрамы туралы.
  3. Шу ауданының әкімі Н. Календеровтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін атқарудағы мәслихат депутаттары алдындағы есебі туралы.

Есеп беруші: Н.Календеров – Шу ауданының әкімі.

  1. Тұрақты комиссияларының атқарған жұмыстары туралы

Есеп беруші: 1) Д.Мақсұтов – аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссия төрағасының м.а.

2) А.Жандабаева – аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты   комиссия төрайымы.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Осымен мәслихаттың кезекті 11-ші сессия өз жұмысын аяқтады.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры