17 November 2021

Шу аудандық мәслихатының кезектен тыс XVI – сессиясы

2021 жылдың қараша айының 17 күні сағат 11:00-де «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында

аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

 

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына мәслихат хатшысы Ж. Әбенов төрағалық етіп, оны жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде 1 мәселе қаралды.

  1. Шу ауданының Шу қаласы және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламентін бекіту туралы.

Хабарламашы: Н.Абай – Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы.

Күн тәртібіндегі мәселе комиссия мүшелерімен қаралып,талқыланды және сессияның бекітуіне ұсынылды.

 

Осы күні Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс 16-шы сессиясы өтті,сессия жұмысына аудан әкімі Н.Календеров,мәслихат депутаттары, ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Е. Досымбаев, Шу қаласы және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

  1. Күн тәртібін бекіту туралы.
  2. Шу ауданының Шу қаласы және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламентін бекіту туралы.

Хабарламашы: Н.Абай – Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Осымен мәслихаттың кезектен тыс16-шы сессиясы өз жұмысын аяқтады.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры