15 September 2021

Шу аудандық мәслихатының кезектен тыс ХІII-сессиясы

2021 жылдың қыркүйек айының 15 күні сағат 10:00-де «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына мәслихат хатшысы Ж. Әбенов төрағалық етіп, оны жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

  1. «2021-2023 жылдарға арналған Шу қаласы және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №78-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы:Р.Әлжанова–Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

  1. «Шу ауданы Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» және «Өндіріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне Өндіріс және Ақсу ауылдық округі шекарасын (шегін) өзгерту туралы.

Хабарламашы: Е.Анатаев – Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы.

Бұл мәселелер депутаттармен талқыланып,сессияның қарауына енгізілді.

Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс 13-ші сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев,  мәслихат депутаттары, ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Е. Досымбаев, жекелеген әкімдік бөлімдері мен мекеме басшылары,  жекелеген ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

  1. Күн тәртібін бекіту туралы.
  2. «2021-2023 жылдарға арналған Шу қаласы және ауылдық округтердің бюджеті туралы» Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы

№78-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Р.Әлжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика және

бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

  1. «Шу ауданы Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» және «Өндіріс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне Өндіріс және Ақсу ауылдық округі шекарасын (шегін) өзгерту туралы.
  2. Шу ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін атқарып отырған міндеттерінен босату туралы.

Хабарламашы: С.Сасықбаев – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.

  1. «Аудан әкімдігі жанынан Жастар ісі жөніндегі Кеңес құрамын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсанағы №12-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Осымен мәслихаттың кезектен тыс 13-ші сессиясы өз жұмысын аяқтады.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры