25 June 2021

Шу аудандық мәслихатының кезектен тыс IХ-сессиясы

 

2021 жылдың маусым айының 24 күні сағат 10:00-де «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында

аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

 

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына комиссия төрайымы А.Жандабаева төрағалық етіп, оны жүргізіп отырды.

 

Күн тәртібінде 1 мәселе қаралды.

 

  1. «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №77-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Р.Әлжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы.

 

 

Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс 9-шы сессиясына аудандық мәслихаттың депутаты

Серік Нұрғалиұлы Қалықов төрағалық етті.

 

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Н. Жақсыбаев, ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерболат Әбдіжапарұлы Досымбаев, жекелеген әкімдік бөлімдері мен мекеме басшылары,  ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

 

  1. Күн тәртібін бекіту туралы
  2. «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №77-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Р.Әлжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы.

 

Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

 

Осымен мәслихаттың кезектен тыс 9-шы сессия өз жұмысын аяқтады.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры