28 October 2021

Шу аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

2021 жылдың қазан айының 28 күні сағат 10:00-де «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың  тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Комиссия отырысына аудандық мәслихат хатшысы Ж. Әбенов, Қоғамдық кеңестің төрағасы Е. Досымбаев, аудан әкімінің орынбасары Е.Аймамбетов, аудандық мәслихат депутаттары, Шу аудандық орталық аурухана,Шу қалалық аурухана және ауылдық дәрігерлік амбулаториялар басшылары  қатысты.

 

Күн тәртібінде 1 мәселе қаралды.

  1. Аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмек беру жұмыстарының жәйі туралы.

Баяндамашы: А.Жандабаева – тұрақты комиссияның төрайымы.

Хабарламашылар: Ж.Айтишев – Шу аудандық ауруханасының  бас дәрігері.

Н.Куляшбекова- Шу қалалық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы.

Г.Инкарбекова – Шу қалалық емханасы  бас дәрігерінің орынбасары.

 

Қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Осымен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өз жұмысын аяқтады.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры