28 October 2022

Шу аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Шу аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

2022 жылдың қазан айының 28-і күні сағат 10:00-де «Amanat» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Тұрақты комиссияларының бірлескен отырысын аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссияның төрайымы А.Жандабаева жүргізіп отырды.

Отырысқа  мәслихат хатшысы Жасұлан Әлкенұлы Әбенов, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Сегізбайұлы Жақсыбаев, комиссия мүшелері және мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлері, ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерболат Әбдіжапарұлы Досымбаев, аудан әкімдігінің жекелеген бөлім басшылары, Шу қаласы және ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 1 мәселе қаралды: Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстардың жәйі туралы.

Бұл мәселе бойынша Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры С.Көпбаев есеп берді.

Қаралған мәселе депутаттармен талқыланып, комиссия отырысында тиісті қаулы қабылданды.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры