22 September 2022

Шу аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Шу аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының
бірлескен отырысы өтті


2022 жылдың қыркүйек айының 21-і күні сағат 10:00-де  «Amanat»
партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында аудандық
мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында аудандық мәслихаттың
депутаты, тұрақты комиссияның төрайымы А.Жандабаева жүргізіп
отырды.


Тұрақты комиссия жұмысына маслихат хатшысы Ж. Әбенов қатысып
отырды.
Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, ауданның қоғамдық кенесінің
төрағасы Е.Досымбаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Абай, Шу
қаласы мен ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдері және мекеме
басшылары,аудандағы спорт мекетептерінің директорлары, БАҚ өкілдері
қатысты.


Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:
«2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шу
аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №19-3
шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Р.Әлжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
Бұқаралық спортты дамыту жұмыстарының жәйі туралы.
Баяндамашы: А.Жандабаева – тұрақты комиссияның төрайымы.
Есеп беруші: Қ.Мәуленов – аудан әкімдігінің денешынықтыру және
спорт бөлімінің басшысы.
Шу ауданы бойынша Көкжиек, Жайсан, Сауытбек, Далақайнар,
Бәйдібек, Белбасар, Еңбекші, Жаңажол, Көктөбе, Балуан Шолақ,
Жиделі, Шоқпар, Көкқайнар, Мойынқұм, Еңбек, Жиенбет, Абай,
Тасөткел және Ақтөбе ауылдарының оңайландырылған бас
жоспарларын бекіту туралы.
Хабарламашылар: 1.А.Нурадинов – аудан әкімдігінің сәулет, қала
құрылысы және құрылыс бөлімі
басшысы.
2. С.Абидов – «ГермесКом» ЖШС-нің жоба
архитекторы.
Күн тәртібіндегі 1 және 3 мәселелер депутаттармен талқыланып, аудандық
маслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ-ші сессиясының қарауына енгізілді, ал күн
тәртібіндегі 2-ші мәселе де тұрақты комиссия мүшелерімен талқыланып ,
тиісті қаулы қабылданды.

Шу аудандық маслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ-ші сессиясы

2022 жылдың қыркүйек айының 21-і күні Шу аудандық маслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ-ші сессиясы өтті.
Күн тәртібінде ұзын саны 6 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Осымен маслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ-ші сессиясы өз жұмысын
аяқтады.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры