20 May 2020

Шу аудандық мәслихаттың кезекті 63-ші сессиясы

2020 жылдың мамыр айының 20 күні сағат 10:00-де «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

1.2019 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.

Есеп беруші: М.Жүнісәлиев – Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы.

Баяндамашы: А.Шаймерденов – Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

Есеп бойынша қорытынды: І.Тортаев – бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы.

  1. Аудандағы мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың жәйі туралы.

Баяндамашы: Ж.Әбенов – тұрақты комиссияның төрағасы.

Есеп беруші: А. Жазықбаева – Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

  1. Шу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы.

Хабарламашы: Г. Керімбаева-Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Күн тәртібінде мәселелер отырыста депутаттармен толық қаралып, талқыланып кезекті сессияның қарауына енгізілді

Осыдан кейін

Шу аудандық мәслихаттың кезекті 63-ші сессиясына

№14 сайлау округінің депутаты Қадырбеков Нұржан Амангелдіұлы төрағалық етті.

Күн тәртібінде 10 мәселе қаралды.

  1. Күн тәртібін бекіту туралы.
  2. Шу аудандық мәслихаттың алпыс үшінші сессиясы редакциялық комиссиясының құрамы туралы.
  3. 2019 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.

Есеп беруші: М.Жүнісәлиев – Шу ауданы әкімдігінің қаржы

бөлімінің басшысы.

Баяндамашы: А.Шаймерденов – Жамбыл облысы бойынша

тексеру комиссиясының мүшесі.

Есеп бойынша қорытынды: І.Тортаев – аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссияның төрағасы.

  1. Аудандағы мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың жәйі туралы.

Баяндамашы: Ж.Әбенов – тұрақты комиссияның төрағасы.

Есеп беруші: А.Жазықбаева–Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және  тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Тағы басқа 6 мәселе қаралды

Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Осымен мәслихаттың кезекті 63-ші сессия өз жұмысын аяқтады.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры