24 October 2019

Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52-ші сессиясы

2019 жылдың қазан айының 24 күні сағат 10:00-де «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

  1. «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шу аудандық мәслихатының 2018 жылғы  25 желтоқсандағы № 38-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Р.Әлжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы.

  1. Ақсу, Өндіріс ауылдық округтері әкімдерінің сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы.

Баяндамашы: Ж.Әбенов – тұрақты комиссияның төрағасы.

Есеп берушілер: Т. Итекеев- Ақсу ауылдық округінің әкімі,

М. Әшімбаев – Өндіріс ауылдық округінің әкімі.

Осыдан кейін

Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52-ші сессиясына

№6 сайлау округінің депутаты Әбенов Жасұлан Әлкенұлы төрағалық етті.

Күн тәртібінде 1 мәселе қаралды.

  1. 2019-2021 жылдарға арналған Шу қаласы және  ауылдық  округтерінің бюджеттері туралы» Шу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 39-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Р.Әлжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Осымен мәслихаттың кезектен тыс 52-ші сессия өз жұмысын аяқтады.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры