18 January 2021

Шу аудандық мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясы

Сегізінші шақырылған Шу аудандық мәслихаттың

бірінші ұйымдастыру сессиясы 2021 жылғы қаңтар айының 15 күні сағат 12:00-де «Nur Otan» партиясы

аудандық филиалының мәжіліс залында өтті

 

Сессияның алдында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Б. Стыбаев Шу аудандық мәслихаттары депутаттарының сайлауының қорытындылары бойынша хабарлама жасады. Партиялық дауыс берудің нәтижелері бойынша көп дауысқа ие болған «Nur Otan» партиясы мен «Ауыл» демократиялық патриоттық партиясы ұсынған тізімдер негізінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының тиісті шешімдерімен тіркелген депутаттарға куәліктер мен омырауға тағатын белгілер тапсырылды

Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Майшекеев сегізінші шақырылған Шу аудандық мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясын ашты.

Сегізінші шақырылған Шу аудандық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясының төрайымы болып аудандық мәслихаттың депутаты Ақмарал Тұрсынбайқызы Жандабаева сайланды.

Аудандық мәслихаттың хатшысы болып Жасұлан Әлкенұлы Әбенов сайланды.

Сессияда тұрақты комиссиялардың саны белгіленіп, олардың мүшелері мен төрағалары сайланды.

Аудандық мәслихаттың екінші сессиясының төрағасы болып депутат Қайрат Оралбайұлы Сазаев  сайланды.

 

Сессияның күн тәртібіндегі  мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Осымен аудандық мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясы  өз жұмысын аяқтады.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры