5 May 2020

Ұлы жеңістің 75 жылдығы

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан Мұсаев Ибрагим Тагирович, Серебряков Дмитрий Васильевич, Мамыров Сиқымбай Мамырұлы сынды батырларымызбен мақтанамыз. Зарықтырып жеткен жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Осындай айтулы мереке қарсаңында Шу аудандық мәслихат депутаттары соғыс ардагерлерінің үй-жайларына барып, оларды Ұлы жеңістің 75 жылдығымен құттықтап, олардың денсаулық жағдайларын біліп қайтты. Сонымен қатар ардагерлерге сый-сияпат көрсетілді.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры