Жандабаева Ахмарал Тұрсынбайқызы

Шу аудандық мәслихатының депутаты

Жандабаева Ахмарал Тұрсынбайқызының өмірбаяны

 

Жандабаева Ахмарал Тұрсынбайқызы, 1971 жылдың 13 қазанында Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1994 жылы Қыздар педагогикалық институтын «тарих және құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы Шу ауданы, Төле би ауылы Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясында тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1996 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, 2006-2012 жылдары осы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен.

2012 жылдан бүгінгі күнге дейін Шу ауданы, Бірлік ауылы, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді.

Жетінші, сегізінші шақырылған Шу аудандық маслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен  саналы тәрбие беру ісіне қосқан қомақты үлесі  үшін  2013 жылы Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Алғыс хатымен, 2015 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласы филиалының Алғыс хатымен, Шу ауданы әкімдігінің Алғыс хатымен, 2017 жылы  «Алаш ұстазы» медалімен, 2019 жылы «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Жанұялы, бір қыз, екі ұл тәрбиелеуде.

 

Сайлауалды бағдарлама

   «Nur Otan» партиясының Шу ауданын дамытуға арналған сайлауалды бағдарламасы  мен басымдықтары,  менің сайлауалды бағдарламамның негізі  болып табылады.

Өз сайлаушыларымның үмітін ақтау- менің басты міндетім.

  1. Экономикалық тұрақты аудан басымдылығы бойынша Бірлік ауылы бойынша жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету. «Алгаз» жеміс-жидек сақтау қоймасына, ұн шығаратын зауытқа ауыцлдағы жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа тарту.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша шағын бизнесті дамыту бойынша жұмыссыздар арасында шағын бизнесін ашуға жағдай жасау;

Туризмді дамыту қолдау бойынша Бірлік ауылы «Балалар-жасөспірім экология  және туризм орталығы» жұмысын дамыта отырып,ауыл жастарының арасында, ауданымыздағы  тарихи орындарды насихаттау жұмысын дамытуға;

2 . Жайлы аудан бағытында:

Аудандағы жол сапасы мен аудан тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау бойынша жақсарту  жұмысына үнемі ықпал етуге. Бірлік ауылы бойынша Жібек жолы,Тұран көшелерін  асфальттау, Құрылыс көшесін жарықтандыру мәсеселесін шешуге ықпал жасау

Әлеуметтік осал топтардың тұрғын үймен қамтылуын назарда ұстауға;

Ауданның әрбір ауылындағы интернеттің сапасын жақсарту жұмысына ықпал ету;

  1. 3. Әлеуметтік-бағдарланған аудан.

Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты- бұл өңірдің тұрақты әлеуметтік-экологиялық дамуының  көрсеткіші,сондықтан медециналық қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етуге;

Білім сапасын жақсарту бойынша білім орындарының материалдық  жағдайын жақсартуға үнемі ықпал етуге;

4.Жастарға арналған аудан

Жастар –Ел  болашағы.Жастардың бойында патриоттық  сезім мен елдің болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыра отырып тәрбиелеуді үнемі назарда ұстау

Жастар орталығы мен әрбір ауылдардан жастар жөніндегі қызметкерлермен патриоттық,рухани,адамгершілік,ұлттық құндылықтарды дәріптеу бойынша  бірлескен жұмыс жүргізуге;

Ауылдарда дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға;

Өз ісін ашуға және  бизнес жүргізуге жастарды тартуға;

«Дипломмен ауылға»жоба бойынша жұмысты дамытуға ықпал ету;

5.Тарих пен мәдениетті дамыту

Халық бірлігі мен қоғамдық келісім-Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы Рухани жаңғыруды дамытуға барлық күш жігерімді жұмсауға;

Ауданымыздағы тарихи-мәдени мұраны сақтауға және өнер мен мәдениет салаларын дамытуға;

Шу ауданының біртуар тұлғаларының  мұрасын насихаттауға;

Этносаралық және конфессияаралық келісімді,бірлікті нығайту бойынша   этномәдени орталықтардың  қызметін қолдауға;

  1. Қауіпсіз аудан

Шу ауданы барлық тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс. Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметінің тиімділігін,төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын қамтамасыз ету деңгейін арттыруға ықпал етуге;

Ауданымыздағы елді мекендердің көшелерін жарықтандыру бойынша жұмыстың ықпал етуге;

Өз сайлаушыларымның үмітін ақтауға өз білімім мен күш-жігерімді жұмсаймын.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры