Ким Никон Маркович

Өмірбаян

Ким Никон Маркович

1956 жылы 4 шілдеде Қырғызстан Республикасының Калининское селосында дүниеге келген. 1956 жылдан бастап Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласында тұрады. 1974 жылы Шу қаласы, Абай атындағы орта мектепті бітірген. Еңбек жолын 1972 жылы Шу ауданы, «Алға» кеншарында жазғы демалыс кезінде бастаған. 1974 жылы Томскі политехникалық институтына оқуға түскен.

1974-76 жылдары Қарулы күштер қатарында әскери борышынөтеген. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтына ауысып, оны 1980 жылы аяқтаған. 1980-82 жылдары Шу ауданы, «Алға» совхозында жұмысшы. 1982-84 жылдары «Белбасар» қызылша кеншарында бригадир. 1984-89 жылдары Қырғызстан Республикасы, Панфилов ауданы, «Келечек» кеншарында инженер. 1989-93 жылдары Белбасар ауылында бригадир қызметтерін атқарған. 1993 жылы «Қаңтар» шағын жеке кәсіпкерлік ісін құрған.

1998 жылы «Қаңтар» шағын жеке кәсіпкерлігі қазіргі уақытта өзі директорлық қызмет атқарып отырған «Компания Марк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылып, тіркелді.

Көп жылғы жемісті еңбегі үшін 2014      жылы «Құрмет» орденімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихатына 20 жыл» медальдарымен, 1983-87 жылдардағы әлеуметтік жарыстың Жеңімпазы төсбелгісімен, 2001, 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, Елбасының мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға қолдау көрсеткені және азаматтық белсенділігі үшін «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасы мәслихатына 20 жыл» толуына орай аймақтық даму Министрлігінің Алғыс хатымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен, 2008, 2010 жылдары «Көпжылғы жемісті еңбегі, кәсіпкерлікті дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін» Жамбыл облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, 2013 және 2015 жылдарда Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес рейтингісін көтергені үшін «Қазақстан Даңқы» орденімен, 2013-2015 жылдарда Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес рейтингісін көтерудегі «Жемісті еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

1999 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2012 жылдың қаңтар айынан алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты.

Үйленген. Екі бала тәрбиелеп отыр.

Сайлауалды Бағдарламасы

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын қолдай отырып, мен өзімді депутат ретінде сайлаушыларымның мүддесі мен құқығын қорғауға міндетті атқарушы билік органындағы халық қалаулысы деп санаймын.

Мен депутат болып сайлансам, Шу қаласы тұрғындарының проблемалары маған аян болғандықтан, өз күш-жігерім мен білімімді халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуіне жұмсаймын.

-Бірлік, тұрақтылық және ұлтаралық келісімді нығайтуға, тұрғындарды «Біз бір отбасымыз және бізде бір болашақ» сынды бір ғана мақсатқа жұмылдыруға күш саламын.

-Арнайы курс (дәріс) өткізіп, сабақ беретін орталықтар құру арқылы мемлекеттік тілдің мерейін көтеріп, оны оқыту мен үйретуге ықпал етемін.

-Тепловоз жөндеу зауытындағы жұмыс орнын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу жолымен жұмыссыздық деңгейін төмендетемін.

-«Жалпыға ортақ тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асырып, мектеп бітірушілерге ең әуелі кәсіби білім беруге ықпал етемін. Білім мен өнідіріс саласының арасында тығыз байланыс орната отырып, жұмыс берушілерді мамандар даярлау жүйесіне тартамын.

Шу қаласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында атқарылатын шараларға күш саламын:

*Кәріз жүйесі қондырғысының құрылысын жалғастыру;

*Шу қаласындағы су құбырлары жүйесіне құрылыс жүргізу және қайта өңдеу;

*Қаланың автокөлік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолына (тротуарларын) құрылыс жұмыстары мен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

*Шу қаласы тұрғындарын қалыпты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ЖБИ подстансасындағы 35-10 КВТ электр желісінің құрылысын аяқтауды жеделдетуге ықпал ету;

*Көшелер мен аулаларды жарықтандыру;

* Бағдаршам мен бейне бақылау орнату;

*Автобус аялдамаларына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру.

-Шу қаласын абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалық үшін арнайы техника қарастыруға;

-Орталық қазандықты, білім мен денсаулық мекемелерін газдандыруға ықпал ету.

Мынадай жұмыстарға қаражат бөлінуіне күш саламын:

*Қала сыртындағы туберкулезге қарсы аурухананың құрылысына;

*Теміржол көпірінен Төле би ауылындағы шеңберге (кальцо) дейінгі айналма жолдың құрылысына;

*Шу қаласындағы 280-350 орындық балабақшалардың құрылысына;

* «Қант зауыты» мөлтек ауданындағы емхана құрылысына;

-«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша бұрынғы «Әскери қалашықты» қайта қалпына келтіруді қаржыландыруға;

-Шу стансасындағы жолаушылардың қауіпсіздігі және оларға ыңғайлы болу үшін 2-3 темір жолға жер асты өткелін салуға;

-Шағын және орта кәсіпкерлікті индустрияландыруды дамыту және экономиканың әр саласында мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің түрлі формаларын қолдануға;

-Тұрғындар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, спортты дамыту, спорт алаңдарын орнатып, қазіргі стадиондарды тиісінше жөндеуден өткізіп, қайта өңдеуге;

-Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетуге күш саламын.

Бұл мәселелер облыстық мәслихат депутаты ретінде менің басты назарымда болады.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры