Касенов Адилхан Ракышевич

№1 сайлау округі бойынша

Шу аудандық мәслихатының депутаты

Рахматова Әсел Жомартқызының

ӨМІРБАЯНЫ

 

Шу ауданы, Төле би ауылында 1987 жылдың 19-шы қазанында дүниеге келдім. 2005 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебінің 11 сыныбын аяқтап, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің химия-биология факультетінің «биология-география» мамандығын 2009 жылы үздік дипломмен тәмамдадым.

2009 жылдың қыркүйек айында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебіне биология пәнінің мұғалімі болып қабылдандым. Неміс тілі және ағылшын тілінен базалық білімім бар.

2011 жылы қараша айында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында және «Мемлекеттік жастар саясаты» Заңын жүзеге асыру мақсатында өткізілген «Ауылдың үздік жас мұғалімі» кәсіптік байқауына қатысып, ІІІ орынды иеленіп, аудандық білім бөлімінің  Мақтау қағазымен марапатталдым. 2012 жылы сәуір, мамыр және маусым айларында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтап, «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығының сертификатына ие болдым. 2012 жылы қыркүйек айының 1-нен бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарып келемін. 2013 жылы қаңтар айында «12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы менеджмент және көшбасшылық» атты семинарына қатысып, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының сертификатымен марапатталдым.

2013 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында білімімді көтеріп, «Тәрбие үдерісін кешенді амалдар негізінде жоспарлау» бойынша сертификатым бар. 2013 жылы наурыз айында «Қазіргі заманауи мектептердегі биологиялық білім» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарына белсенділікпен қатысқаным үшін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификатымен марапатталдым.

2013 жылы тамыз айында «Жаңа тұрпатты мұғалім: өзекті мәселелері және кәсіби дамуының болашағы» атты облыстық семинарға қатысып, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының сертификатымен марапатталдым. Сондай-ақ, 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға және 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне орай партияның Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік іс-шараға белсене атсалысқаным үшін «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Кемелханұлы Ниязбековтың Алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда шеберлік танытып, шығармашылықпен жұмыс атқарғаным үшін Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің, 2014 жылы қазан айында Еліміздің болашағы – жас ұрпақтарды тәрбиелеу мен оларға білім берудегі жемісті еңбегім мен игі істерім үшін, Қазақстан Республикасының мұғалімдері күні – кәсіби мерекесімен Шу ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталдым.

2015 жылы наурыз айында «Инновациялық технологияларды мектептің тәрбие жүйесіне ендіру» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсында оқыдым. Сондай-ақ, «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудегі тұлғалық бағдарлық амалдар» тақырыбындағы жобаға қатысып, оны үздік тапсырып, белсенділік көрсеткенім үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының грамотасына ие болдым. Сәуір айында «Заманауи қазақстандық мектептің тәрбиелік жүйелері: даму тенденциялары мен болашағы» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысып, «Өрлеу» ұлттық орталығының сертификатымен, білім саласындағы тәрбие жұмысына аса жауапкершілікпен қарап, сіңірген ерен еңбегім үшін аудан әкімі орынбасарының  Алғыс хатымен марапатталдым.  2009 жылы  «KazEnergy»  Алғыс хатымен, 2010 Шу ауданына 80 жыл,  Шу қаласына 50 жыл мерекелік медалі, 2011 жылы «ТЭК-Казакстан» ЖШС-нің Құрмет грамотасы, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік  медалі, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының Алғысы, 2014 жылы ҚР  мұнай және газ министрлігінің алғыс хаты, 2014 жылы Қазақстан мәслихаттарына 20 жылдық мерекелік медалі, 2015 жылы Д.А.Қонаевтың 100 жылдық медалі, 2017 жылы Шу ауданының әкімінің алғыс хаты, 2019 жылы «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған, 2019 жылы Жамбыл облысының Құрметті депутаты атағын алды.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ел егемендігін жариялаған сәттен-ақ Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық жағдайын  арттыру мақсатында әртүрлі бағдарламалар өмірге келді. Болашаққа бағдар жасаған баянды істерді бағындырарда ел болып бірігіп, еңбек ету – біз үшін үлкен мақсат. Тәуелсіз еліміздің елдігін танытатын алда тағы бір маңызды науқан тұр. Егеменді елімнің биік тұғырынан көрініп, әлемдік дүбірлі додаларда тайсалмай бақ сынауы жолында  Қазақстанның азаматы ретінде өзімнің сүбелі үлесімді қоссам деген оймен, осы сайлауға түсіп отырмын. Көптің көкейіндегі және күнделікті өмірде кездестіріп жүрген өзекті мәселелер деп, сегіз бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламамды жасадым.

Олар:

-Алдымен аудандағы әлеуметтік нысандардың сапалы салынуына ықпал ету;

-Ауданымызда мемлекеттік жастар саясатынан туындайтын – жас азаматтарды, яғни ұлдар мен қыздарды қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты мәдени, рухани тұрғыдан тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргіземін;

-Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оқушылардың, жасөспірімдер мен  жастардың арасында қылмыстардың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсауды, оң босағада отырып жүкті болу, жеңіл жүрісті және жасанды түсікті болдырмауға, ішімдіктің, нашақорлықтың түпкілікті жойылуына осы елдің шыншыл азаматы ретінде бар күш-жігерімді саламын. Жастармен осы бағытта жұмыс істеуім үшін, арнайы реабилитациялық орталықтардың ашылып, жұмыс жасауына және осындай орталықтарда жұмыссыз жүрген азаматтардың оқып, білім алып,  маман болып  жұмысты болуына өз үлесімді қосамын;

«Салауатты өмірге апарар жол» жобасы аясында бұрын сотты болған азаматтар мен азаматшаларды жұмыспен қамту жолдарын қарастырып, іске асырамын және аз пайызды несие алып, өз кәсібін бастауға бағыт-бағдар беремін;

Шағын және орта  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтарға және ізгі ниеті бар жастарға қолдау көрсетіп, жастардың арасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бар күшімді саламын және түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргіземін;

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы ел дамуының басты бағыты ретінде қолжетімді баспана құрылысы екендігін атап өтті. Осы Жолдау барысында, ауданымыздағы көпбалалы отбасылы жандарға, жас отау құрған жастарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау ретінде, қала берсе аудан тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ауданда құрылыс жұмысын жүргізу мәселелерімен айналысамын;

Жалғызбасты қариялармен және жұмыс істей алмайтын, әлеуметтік аз қорғалған жалғызбасты азаматтардың материалдық жағдайын, өмір сүру деңгейін жақсартуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына ықпал етемін;

Ауданымыздың әр ауылын көркейту, тал-дарақтарды көбейту, ауыл шаруашылығын дамыту, ауылға ағын су тарту және ауыз су мәселесі туралы жұмыстарын жүйелі жүргізу, ауыл көшелерін түнгі жарықпен қамтамасыз ету мәселелерінің оң шешілуіне өз үлесімді қосамын.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры