Мұсаева Тоқжан Тоқтарбайқызы

Шу аудандық мәслихатының депутаты

Мұсаева Тоқжан Тоқтарбайқызының өмірбаяны

Мұсаева Тоқжан Тоқтарбайқызы, 1972 жылдың 8 қарашасы күні Жамбыл облысы,Шу ауданы Бірлікүстем ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары. 2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын  «тарих және география» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 05.10.1999 жылы «Домалақ- Ене» атындағы орта мектебінде хатшы-іс жүргізуші болып бастаған. 09.01.2003 жылдан бастап  «Домалақ- Ене» атындағы орта мектебінде тарих және география пәнінің мұғалімі, 05.09.2006 жылдан бастап «Домалақ- Ене» атындағы орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 25.02.2008 жылдан бастап Еңбекші орта мектебінің директоры, 05.07.2011 жылдан бастап Шу қаласындағы №49 бастауыш мектептің директоры, 25.06.2013 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің директоры, 30.09.2015жылдан бастап Ш.Уалиханов  атындағы орта мектептің директоры, 21.10.2015 жылдан осы уақытқа дейін «№10 Шу колледжі»КМҚК директоры қызметін атқарып келеді.

Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, «Nur Otan»партиясының Алғыс хатымен марапатталған. Республикалық «Білім шыңы-Ғылым сыры» журналының редакциясы ұйымдастырған «Жылдың үздік 100мұғалімі» жобасына қатысушы

Жанұялы, екі ұлдың анасы.

 

Сайлауалды бағдарлама

         Егеменді елімнің биік тұғырынан көрініп, Қазақстанның азаматы ретінде өзімнің сүбелі үлесімді қоссам деген оймен, осы сайлауға түсіп,депутат болып сайландым. Көптің көкейіндегі және күнделікті өмірде кездестіріп жүрген өзекті мәселелерді шешу жолында өзімнің сайлауалды бағдарламамды жасадым.

-Алдымен аудандағы әлеуметтік нысандардың сапалы салынуына ықпал ету;

– «Нұр Отан» партиясының бағдарламалары мен шешімдерін іске асыруға атсалысу. Өз сайлаушыларымның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныстарын өкілетті органдарға жеткізіп, орындалуын қадағалау;

-Ауданымызда мемлекеттік жастар саясатынан туындайтын – жас азаматтарды, яғни ұлдар мен қыздарды қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты мәдени, рухани тұрғыдан тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргіземін;

-Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оқушылардың, жасөспірімдер мен  жастардың арасында қылмыстардың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсауды, оң босағада отырып жүкті болу, жеңіл жүрісті және жасанды түсікті болдырмауға, ішімдіктің, нашақорлықтың түпкілікті жойылуына осы елдің шыншыл азаматы ретінде бар күш-жігерімді саламын;

-Шағын және орта  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтарға және ізгі ниеті бар жастарға қолдау көрсетіп, жастардың арасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бар күшімді саламын және түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргіземін;

-Төле би ауылындағы орналасқан көпқабатты үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау;

– білім саласында әйел-педагогтардың үлес салмағы көп болғандықтан, ана мен бала мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдауға қатысу;

– өңір үшін автомобиль жолдарының мәселесі әрқашан өзекті болып келген. Сондықтан да, автомобиль жолдарын жөндеу жұмысына қаржы бөлінуін талап ету. Тұрғындарды таза ауыз сумен  қамтамасыз етуге өз септігімді тигізу;

-Төле би ауылдық округіндегі «Жаңа жоба» тұрғын үй құрылысын салуға берілген жер телімі аумағына инфроқұрылым жүргізуге ықпал жасау;

-Мемлекеттің «Нәтижелі жұмыспен қамту– 2020» бағдарламасын  және Президентіміздің жолдауларын ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып іске асыру, осы бағдарлама аясында ауыл жастарының  жұмыспен қамтылуына ықпал жасау;

– Соғыс және еңбек ардагерлерін, зейнеткерлерді, мүгедек жандарды, көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларды қолдау, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға, жәрдем беруге көмектесу.

– Менің алдыма қойған  мақсатым  жоғарыда көрсетілген бағдарламаларды орындау үшін бюджеттен қаражаттарды бөлуге ықпал ету болып табылады.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры