Диханбаев Әділ Асхарханұлы

Шу аудандық мәслихатының депутаты

Диханбаев Әділ Асхарханұлының өмірбаяны

 

Диханбаев Әділ Асхарханұлы 1986 жылдың 6-шы желтоқсанда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шайымқұл ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Жайсан ауылындағы Жайсан орта мектебін бітірген. 2008 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетін  «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша бакалавр, 2010 жылы осы жоғарыда көрсетілген мамандық бойынша магистратурасын бітіріп шыққан. Ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2009 жылдың маусым айында Алматы қаласындағы «География» институтының ғылыми-зерттеу бағдарламасында инженер болып бастаған. 2011 жылдың наурыз айынан бастап Шу ауданындағы су шаруашылығы мекемелерінде түрлі қызметтер атқарып, бүгінгі күнде «SMEC International Pty.Ltd» компаниясында инженер болып қызмет атқарып келеді (Пуид-2 жобасында)

Жемісті еңбегі үшін Шу ауданының Құрмет грамотасымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталған.

Отбасылы, үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Шу аудандық маслихатының депутаты ретінде мен өзімнің барлық күш-жігерімді келесі мәселелерді шешуге арнаймын:

-«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы Шу аудандық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуын іске асыруға;

-ауылдық округтердің ең өзекті мәселелерін белгілеу мен шешу барысында ауыл тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатуға;

-ауылдық округтердің санитарлық тазалығын, жол мәселелерін шешу, ескірген электр желілерін жөндеуден өткізуге,көше жарығымен қамтылуын кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыруға;

-ауыл тұрындарын табиғи газбен және сапалы ауыз сумен тәулік бойы қамтамасыз етілуіне;

-каналдар мен ауыл ішіндегі тоғандарды қалпына келтіріп, үй іргесіндегі жерлерге суармалы су жеткізуге;

-мектептер мен ауылдық медициналық пунктеріне жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне;

– ауылдарда балалар ойнайтын ойын алаңдарының салынуына;

-мал шаруашылығын одан әрі дамыту, дамыған ірі шаруашылықтардың бизнестің басқа түрлерін ашуға ықпал жасауға, сол арқылы жаңа жұмыс көздерін ашуға;

-Оразалы батыр ауылын сапалы ауыз сумен қамтамассыз ету;

-Ақсу ауылдық округінде жаңадан мәдениет үйінің салуына ықпал жасау;

-жастар мен ересек халықтың мәдени сауығуын ұйымдастыру, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын дамыту, әлеуметтік әлсіз топтар және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету, көмек күшін жұмылдыруға;

-жалпы алғанда азаматтардың әл-ауқатын, ауылымыздың экономикалық жағдайын жақсаруына бағытталған, халық игілігі үшін жұмыстар атқаруға.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры