Дұрманов Тұрар Мұханбетханұлы

Шу аудандық мәслихатының депутаты

 Дұрманов Тұрар Мұханбетханұлының өмірбаяны

 Мен Дұрманов Тұрар Мұханбетханұлы 1986 жылы 27-ші  ақпанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында  дүниеге келдім.

1993 жылы осы аталған ауданның  № 154 орта мектебіне 1–ші сыныпқа бардым. Отбасылық жағдайымызға байланысты 1994 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылына көшіп келдік.

1994 жылы Мұхтар Әуезов атындағы орта  мектебінің 2–ші сыныбына қабылданып, 2004 жылы осы аталған мектептің 11–ші сыныбын бітірдім.

2004 жылы Әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика факультетіне оқуға түсіп, 2008 жылы аталған оқу орнын физика мамандығы бойынша аяқтадым.

2009 жылы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебіне физика, математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым.

2010 жылы осы аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.

2021 жылдың 11 мамырынан осы аталған мектепте, мектеп директоры қызметіне тағайындалдым.

Үйленгенмін. 2 балам, 2 қызым бар.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры