Ниязбеков Болатхан Кемелбайұлы

Шу аудандық мәслихатының депутаты

Ниязбеков Болатхан Кемелбайұлының өмірбаяны

 

Ниязбеков Болатхан Кемелбайұлы 03.10.1975 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы,Бірлікүстем ауылында дүниеге келген.1992 жылы Шу ауданы Бірлікүстем ауылыныңВ.П.Чкалов атындағы орта мектебін аяқтаған. Сол 1992 жылы Алматы қаласындағы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтына түсіп, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997жылы Алматы облысындағы «Ават»  құс фабрикасында «Алтын диірмен» корпорациясының мал дәрігері болып бастаған.1998 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы Тасөткел су шаруашылығының инспекторы болып қызмет атқарған.Осы жылдың 24 қарашасынан 10.07.2000 жылға дейін Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық жұмыстары бөлімінің жетекші маманы, консультанты, 2000 жылдан 2003 жылға дейін Шу ауданы әкімінің  көмекшісі, 18.04.2003-18.04.2005 жылдары Шу ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ,18.04.2005-21.10.2005 жылы аралығында аудан әкімінің аппараты кадрлық және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, 21.10.2005-25.08.2007 жылдары Алға селолық округінің әкімі, 25.08.2007-07.10.2009 жылдары Шу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, 02.10.2009-02.03.2010 жылдары аудан әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік құқықтық жұмысы бөлімінің жетекшісі, 02.03.2010-16.02.2011жылдары аудан әкімінің бас инспекторы, 16.02.2011-06.12.2011жылдары Шу қаласы әкімінің орынбасары, 07.12.2011-23.02.2012жылдары «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филлиалының кеңесшісі, 23.02.2012-21.09.2015жылдары «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2015-2020жылдары  Шу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы, 17.04.2020-24.07.2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының бас маманы, Шу ауданы бойынша өкіл, 24.07.2020жылдан бастап бүгінгі күнге дейін  «Nur Otan» партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.

Көп жылдық жемісті еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20жыл», «Шу ауданына 80жыл Шу қаласына 50жыл», «Шу ауданына 90жыл Шу қаласына 60жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 және 25 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Аграрлық білімге, ғылымға және өндіріске қосқан үлесі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың алғыс хаттарымен, «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры