Ахметов Данабек Баялыұлының

№11 сайлау округі бойынша

Шу аудандық мәслихатының депутаты

Ахметов Данабек Баялыұлының

ӨМІРБАЯНЫ

 

Шу қаласында 1961 жылы 22 қыркүйекте  теміржолшылар отбасында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Қазақ ұлттық техникалық институтын «Инженер-механик» мамандығымен бітірген.

1984 жылы еңбек жолымды Шу локомотив депосында слесарь, бригадир, шебер ретінде бастаған.

1994 жылы өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы;

1999-2000 жылдары Шу тепловоз жөндеу зауытының өндіріс жөніндегі директорының орынбасары;

2000-2005 жылдары Шу тепловоз жөндеу зауыты кадр бөлімінің бастығы;

2005-2006 жылдары «Мақсат А» акционерлік қоғамының президенті;

2006-2009 жылдары «Мақсат А» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі  вице-президенті;

2009 жылдан «Қамқор Локомотив» ЖШС «Шу Локомотив жөндеу зауыты» филиалының заң және кадр саясаты бөлімінің бастығы қызметін атқарып келеді.

2004 жылы «Қазақстан темір жолына 100 жыл» медалі, 2005 жылы  «ҚР Конституциясына 10 жыл» медалі, 2011 жылы «Даңқты еңбегі үшін» төс белгісі, 2018 жылы Шу ауданының Құрмет грамотасы, 2019 жылы «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған, 2019 жылы Жамбыл облысының Құрметті депутаты атағы.

1999 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Үйленген,  үш баласы бар.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Шу аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған жағдайда, мен өзімнің барлық күш-жігерімді өзім сайлауға түсіп отырған округтегі келесі мәселелерді шешуге арнаймын:

– «Нұр Отан» партиясы бағдарламасының орындалуын іске асыру;

– Ұлтаралық достық және осы бағытқа қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің дамуына ықпал ету;

– Жолдарды жөндеуге қаржы бөлінуін талап ету, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету;

– Саламатты өмір сүруге ықпал жасау, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беріп, ата-бабалардан қалған құндылықтарды сақтап, жалғастыра беруді қалыптастыру, мектеп, отбасы және қоғамдық бірлестіктердің күшін жасөспірімдер арасындағы қылмысқа, маскүнемдік пен нашақорлыққа қарсы жұмсау;

– Қоғамның саяси өміріне белсене қатысып, жергілікті органдардың жеке адамның күнделікті мұқтаждықтарын шешуге етене араласуына және көмек көрсетуіне ықпал ету;

– Бюджет саласындағы қызметкерлердің, басқа да кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын арттыру;

– Бюджетті қарастыру барысында әлеуметтік бағыттағы бюджетті бекітуге іс-шаралар қолдану;

– Жұмыссыздар санын азайтуға, кәсіпорындарда жұмыс орындарының ашылуына ықпал жасау;

– Аймақтық нақты бағдарламаларды бекіту, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету және бағдарламаның іске асырылуын бақылау.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры