Каликов Серік Нұрғалиұлы

   Шу аудандық мәслихатының депутаты

Каликов Серік Нұрғалиұлының өмірбаяны

 

Каликов Серік Нұрғалиұлы 1965 жылдың 7 шілдесінде Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласында  дүниеге келген.

Орта мектепті бітіргеннен кейін 1987 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтына түсіп, оны 1993 жылы «Инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Алматы темір жолы  Шу стансасының  вагон депосында вагондарды жөндеу бойынша слесарь жұмысынан бастаған. Одан кейін осы жерде вагондарды тексеруші, столяр, құрылыс бригадасының бригадирі, Шу стансасының техникалық пунктінің бастығы, вагон депосында тұрмыс және кадрлар бойынша бастығының көмекшісі, Шу вокзалының бастығы, Жамбыл жол учаскесі, Шу стансасы жүк бөлімшесінің меңгерушісі, бастығы, 2006-2019 жылдары «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Жамбыл жол бөлімшесінің Шу аймағы бойынша директорының орынбасары. 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазақстан темір жолы»  ҰК АҚ Жамбыл магистральды желі бөлімшесі филиалы Шу аймағы бойынша директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.     2012 жылы VI шақырылған, 2016 жылы VIІ шақырылған,2021 жылы VIІI шақырылған Шу аудандық мәслихатының депутаты. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Темір жол саласына сіңірген көп жылдық еңбегі үшін 2011 жылы  ҚР Президентінің алғыс хатымен, 2014 жылы ҚР көлік және коммуникация министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы президентінің Құрмет грамотасымен, «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен, 2014 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен, 2016 жылы Қамқор менеджменттің Алғыс хатымен, 2017 жылы «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлердің кәсіби одағына 25 жыл» мерейтойлық  төсбелгісімен, 2019 жылы «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. 2019 жылы «Жамбыл облысының Құрметті депутаты»  атағын алған.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Мен Елбасының бүгінгі таңда белең алып отырған дағдарысты еңсеру бағдарламасын іске асыру барысына лайықты үлес қосуға, еліміздің стратегиялық мақсаттарға жету жолында аянбай еңбек етемін.

– Өзімнің  сайлауалды  бағдарламамның  мақсаты – негізінен жемқорлыққа және жұмыссыздыққа қарсы күрес.Мектептер мен балабақшалардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын өз бақылауымда ұстаймын;

– «Нұр Отан» партиясының бағдарламалары мен шешімдерін іске асыруға атсалысу;

– А.С.Макаренко  атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеге ықпал жасау;

Шу қаласы «Жетісу» ықшам ауданындағы 80 пәтерлік №1,2,3 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге ықпал жасап, көпбалалы, баспанасыз жүрген жандарға сол жерден пәтерлі болуға барынша көмек көрсету;

– Жолдарды жөндеуге қаржы бөлінуін талап ету, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету;

– Саламатты өмір сүруге ықпал жасау, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беріп, ата-бабалардан қалған құндылықтарды сақтап, жалғастыра беруді қалыптастыру, мектеп, отбасы және қоғамдық бірлестіктердің күшін жасөспірімдер арасындағы қылмысқа, маскүнемдік пен нашақорлыққа қарсы жұмсау;

– Қоғамның саяси өміріне белсене қатысып, жергілікті органдардың жеке адамның күнделікті мұқтаждықтарын шешуге етене араласуына және көмек көрсетуіне ықпал ету;

– Бюджет саласындағы қызметкерлердің, басқа да кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын арттыруға ықпал жасау;

–        Тұрғындар арасында зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбасына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуін қадағалауға атсалысатын боламын.

– Жұмыссыздар санын азайтуға, кәсіпорындарда жұмыс орындарының ашылуына ықпал жасау;

–        Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз етуге, әр елді мекеннің өркендеуіне белсене атсалысуға қызмет етіп, өз үлесімді қосамын.

– Менің алдыма қойған  мақсатым  жоғарыда көрсетілген бағдарламаларды орындау үшін бюджеттен қаражаттарды бөлуге ықпал ету болып табылады.

Мен барша жұртшылық өкілдерін ел бірлігі мен елдігіміз үшін, еліміздің мерейі үшін, «МӘҢГІЛІК ЕЛ»  болу жолында  еңбектенуге шақырамын.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры