Жүнісәлиева Лайла Маханбетқызы

Шу аудандық мәслихатының депутаты

Жүнісәлиева Лайла Маханбетқызының өмірбаяны

Жүнісәлиева Лайла Маханбетқызы, 1971 жылдың 4 мамырында Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Алғабас қой совхозында дүниеге келген. 1986жылы Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепті қазақ тілінде бітіріп, 1986-1989 жылдар аралығында Жамбыл есеп-санақ техникумында «өнеркәсіп бухгалтері» мамандығы, 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша сырттай тәмамдаған.

Еңбек жолын, 1989-1992 жылдары үй басқаруда есепші қызметінен бастаған.1992-1998 жылдары «Каспий банк» Шу аудандық филиалында бөлімше басшысы,1998-2005жылдары Қамқор РКО басшысы, 1998 жылдан осы уақытқа дейін ИП «Алтын Орда» кешенінің құрылтайшы-директоры, 2015 жылдан бастап Шу ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы,2016 жылдан бастап Шу ауданы, Шу қаласы «Әсия-Әлемі» кешенінің құрылтайшысы-директоры қызметін атқарып келеді. «Нұр Отан» партиясының аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен, Жамбыл облысы әкімінің, Шу ауданының әкімінің, аудандық білім бөлімінің бірнеше Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен, «Қазақстан ұстазы», «ҚР Тәуелсіздігіне -25жыл» медальдарымен марапатталған. «Қазақстанның 100 қайраткер әйелі» кітабының тізіміне енген.Жанұялы, алты баланың анасы, төрт немеренің әжесі.

 

Сайлауалды бағдарлама

Өз мақсатым – менің Отаным, біздің Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жасампаз ел болуына белсенді қатысу. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясының нақты жүзеге асуына, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстарға қолдау көрсетемін.

Мен барлық күш – жігерімді өзімнің сайлауға түсіп отырған ауданымда қалыптасқан келесі мәселелерді шешуге арнаймын:

-«Нұр Отан» партиясы бағдарламаасының орындалуын іске асыру;

-Әйелдер және жастар кәсіпкерлік бастамаларын барынша қолдау. Тегін оқып, мамандық алуына жағдай жасау және оларды жұмыспен қамту.

-Жаңа жұмыс орындарын ашу. Жастардың бос уақытын өткізуге қолайлы жағдай жасау, білім-біліктілігін арттыратын орталық орындарын ашу;

-Жастарға білім және бағыт беру, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерге шипажай демалыс орталығын ашу арқылы, өмір сүру ұзақтығын арттыру;

-Денсаулық салауатты өмірдің басты кепілі ретінде жаңа, жоғары, қол жетімді сапалық диагностикалық медицина орталықтарын ашу. (МРТ, КТ) апараттарын енгізу.УЗИ медициналық талдау орталығын көбейту және қызмет көрсетуін бақылау, жүзеге асыру.

-Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру орталығын ашу;

-Халықтың өмір сүру денгейін көтеру. Қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыру арқылы жалғыз басты аналарға, асыраушысынан айырылған балаларға, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіп, қамқорлық танытып, бағыт беру және қадағалауға ат салысу;

-Тері, жұн, былғары қабылдап,өңдеу комбинаттарын ашуды қолдау;

-Жеке меншік балабақшалар мен мемлекеттік балабақшалардың талаптары бірдей болғандықтан, олардың барлық мүдделерін тең жасау мақсаттарын қадағалап, орындалуын міндеттеймін;

-Бюджет саласындағы қызметкерлердің, басқа да кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын арттыру;

-Шу қаласы мен Шу ауданының жергілікті бюджет бойынша экономикалық және әлеуметтік жағынан даму жөніндегі жоспарының орындалуын тиімді бақылауға;

-Ауданымызды табиғи газбен толықтай қамтамасыз ету және бағасының халыққа қол жетімді болуын қадағалау;

-Көшелердің түнгі жарықпен қамтылуын ұйымдастыруға;

-Көп қабатты үйлердің алдыңғы ойын алаңын қолға алу, көркейтуге үлес қосу;

Осы айтылған мәселелерді іске асыру мақсатында мен Шу ауданының тұрғылықты тұрғыны жеке кәсіпкер ретінде өз ауданыма бар күш-жігерімді салып, көркейуіне үлесімді қосамын және сіздердің қолдайтындарыңызға сенемін!

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры