Әбдіманапов Сайфидин Нұридинұлының

№8 сайлау округі бойынша

Шу аудандық мәслихатының депутаты

Әбдіманапов Сайфидин Нұридинұлының

ӨМІРБАЯНЫ

 

Шу қаласында 1960 жылы 29 шілдеде дүниеге келді. 1967-1977 жылдары Шу қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы Қазақ дене тәрбиесі институтына түсткен. 1981 жылы оқуды аяқтап, дене шынықтыру пәнінен мұғалім болды. 1981-1983 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышымды өтеген. 1983-1986 жылдары балалар жасөспірімдер спорт мектебінде футболдан жаттықтырушы болып, 1986 жылдың 1 маусымынан балалар жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1988-1998 жылдар аралығында осы аталған мектептің директоры, 2006-2010 жылдар аралығында Шу ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, 2010 жылдан осы уақытқа дейін №30 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарып келеді.

«Нұр Отан» Шу аудандық филиалы бастауыш «Жұмысшы» партиясының төрағасы.

Жемісті еңбегі үшін «Астана қаласының 10 жылдығына» және «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына» орай, мерекелік медальдармен марапатталған.

Отбасылы. Екі қыз, бір ұлы және алты немересі бар.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 Депутат – өз сайлаушыларының мұң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныстарын өкілетті органдарға жеткізіп, оның орындалуын қадағалайтын халық қызметшісі, сайлаушылар өкілі. Сондықтан да мен күш-жігерімді, білімімді халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға жұмсаймын.

№8 сайлау округіндегі тұрғындар мүддесі мен құқықтарын қорғаймын.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың данагөй, салиқалы саясаты мен жасампаз еңбегін яғни, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының орындалуын өз ұстанымыма қоса отырып, осы жоспардың орындалуына атсалысамын.

Спорт – денсаулық кепілі. Адам өмірінің ұзақ болуы көңіл-күйіне және спортпен айналысуына байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында: «Дені сау ұлт – жалпыұлттық міндет»-деп спортқа айрықша көңіл бөлуге шақырған еді.

Бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында спорт алаңдарын, стадиондарды ретке келтіріп және елді мекендерде балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына белсенді атсалысамын.

ТЕЛЕФОН ҚАБЫЛДАУ

+7 (72638) 3-16-78

Баннеры